N06DA02 Донепезил (Donepezil)
Қолдану көрсеткіштері
Ерте деменциялар және орташа дәрежедегі Альцгеймер ауруын симптоматикалық емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Ниманна-Пика
- Деменция при болезни Альцгеймера
- Органический амнестический синдром
- Сосудистая деменция (включается атеросклеротическая деменция)
- Болезнь Паркинсона
- Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера
Қарсы көрсеткіштері
Донепезилге, пиперидин туындыларына және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде өкпенің обструктивтік аурулары, жүрек ырғағы бұзылысы бар, жалпы анестезия жүргізгенде, асқазанның ойық жара ауруының жоғары қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Демеуші емді терапевтикалық әсері сақталғанға дейін жалғастыру керек, әсері болмаған кезде препаратты тоқтату. Жалпыланған құрысу дамуы мүмкін, экстрапирамидалық бұзылыстарды тудыруы немесе күшейтуі мүмкін. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кетоконазол, хинидин, итраконазол, эритромицин, флуоксетин - донепезил метаболизмінің бәсеңдеуіне байланысты, қан плазмасында донепезил концентрациясының жоғарылауы.Рифампицин, фенитоин, карбамазепин және этанол - қан плазмасында донепезил концентрациясының төмендеуі.Антихолинергиялық заттар (атропин, скополамин, бензатропин, дифенгидрамин) - донепизил әсерінің әлсіреуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің жеңіл және орташа бұзылыстары кезінде сақтықпен қолдану. Ауыр бұзылысы кезінде - деректер жеткіліксіз.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: мұрынның бітуі, анорексия, елестеулер, ажитация, озбырлық, тремор, депрессия, қозу, атаксия, афазия, синкопе, бас айналуы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, құсу, диарея, тері бөртпелері, қышыну, есекжем, экхимоздар, "құйылуларды" сезіну, тершеңдік, пурпура, бауыр қызметінің бұзылысы, катаракта, көру өткірлігінің төмендеуі, бұлшықет құрысулары, несептің ұсталмауы, жиі/түнгі несеп шығару, ентігу, ларингит, бронхит, әлсіздік, түрлі оқшауланған ауырсынулар.Жиі емес: брадикардия, гастроинтестинальді қан кету, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, бұлшықет креатинфосфокиназа деңгейінің шамалы артуы, анемия, тромбоцитопения, эритроцитопения және эозинофилия.Сирек: парестезиялар, сананың бұзылуы, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, естен тану, артериялық қысымның жоғарылауы, вазодилитация, жүрекше фибрилляциясы, стенокардия кернеулері, миокард инфарктісі, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, артериит, шеткергі қантамырларының аурулары, терең көктамырлар тромбозы, қарыншаүстілік тахикардия, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.