N06AX22 Агомелатин (Agomelatine)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық;Деменция, 75 жастан асқан егде жастағы пациенттер.

Қауіпсіздік шаралары

Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек: маскүнемдік; биполярлық бұзылыстар; қант диабеті; гипомании; мания; бауырдың алкогольді емес майлы ауруы; семіздік.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP1A2 күшті тежегіштерімен (мысалы, флувоксаминмен, ципрофлоксацинмен) бірге қолдану қарсы көрсетілген. CYP1A2  орташа тежегіштерімен (мысалы,  пропранололмен, грепафлоксацинмен, эноксацинмен)  қолдану - агомелатиннің экспозициясын жоғарылатады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы;Жиі: үрейлену, әдеттен тыс түс көрулер,бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, жүрек айну, диарея, іш қату, іштің ауыруы, құсу,арқаның ауыруы,шаршау ,дене салмағының артуы;Жиі емес: суицидальді ойлар немесе әрекет, қозу жай-күйі және онымен байланысты симптомдар (ашушаңдық және мазасыздық сияқтылар), агрессия, түнгі қорқыныштар, мания/гипомания, бұл симптомдар бойда бар аурудан да туындауы мүмкін, сананың шатасу күйі* бас сақинасы, парестезия, тынымсыз аяқ синдромы, анық көрмеу, тиннитус, гамма-глютамилтрансфераза мәндерінің артуы (GGT) (жоғарғы қалып шегінен 3 есе асады), гипергидроз, экзема, қышыну, есекжем, дене салмағының азаюы;Сирек: елестеулер, акатизия, гепатит, сілтілік фосфатаза мәндерінің артуы (жоғарғы қалып шегінен 3 есе асады), бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, эритематозды бөртпе, беттің ісінуі және ангиоісіну, несеп іркілісі. "

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.