N06AX03 Миансерин (Mianserin)

Қолдану көрсеткіштері

Депрессиялық синдромды емдеуге арналған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдықта; МАО тежегіштері сияқты басқа препараттарды бір мезгілде қолданған кезде және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 2 апта бойы; манияның  диагностикаланған фазасы; бауыр функциясының айқын бұзылуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

   • Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бұрыштық жабылатын глаукома, простата гипертрофиясы, қант диабеті бар науқастарға сақ боу керек. Бауыр мен бүйректің жұмысын мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек.   • Емдеуді бастамас бұрын өзін-өзі өлтіру әрекеті немесе суицид туралы қауіпті ойлары бар пациенттерде сақ болған жөн.  • Көлік құралдарын немесе басқа да қауіпті механизмдермен жұмыс істемеу ұсынылады, өйткені пациент терапия кезінде шаршау немесе ұйқышылдық сияқты орталық жүйке жүйесінің жанама әсерлерін сезінуі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

  • Моноаминоксидаза тежегіштері - бір мезгілде қабылдауға болмайды.  • Гипертонияға қарсы препараттар - бір мезгілде қабылдағанда  қан қысымына  мониторинг жүргізу ұсынылады.    • Фенитоин - қандағы концентрациясын бақылап отыру ұсынылады.  • Алкоголь, барбитураттар, тыныштандыратын препараттар6 анксиолитиктер - әсері күшейтіледі.    • Жүрек гликозидтерімен/аритмияға қарсы хинидин тәрізді препараттар - бір мезгілде қабылдау аритмия қаупін арттырады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Егер дәрігердің пікірі бойынша тек ана үшін пайда шарана үшін әлеуетті қауіптен артқан жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Емізетін аналар осы препаратты қабылдамауы тиіс. Қажет болған жағдайда емшекпен емізу  тоқтатылуы тиіс.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: салмақтың артуы; емнің басында пайда болатын және емнің жалғасуымен төмендейтін седация (Ескертпе: дозаны азайту әдетте седацияны әлсіретпейді, бірақ антидепрессант тиімділігін төмендетеді); ұйқышылдық (әсіресе препаратты қабылдаудың алғашқы күндері); бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы; ісіну Жиі емес: ортостаздық гипотония; бөртпе; буынның ауыруыСирек: гранулоцитопения немесе агранулоцитоз түрінде көрінетін қан құрамының өзгеруі; гипомания, құрысулар; гиперкинезия (мазасыз аяқ синдромы); қатерлі нейролептикалық синдром; бастапқы дозадан кейінгі брадикардия; сарғаю.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді