N06AB05 Пароксетин¹ (Paroxetine)

Қолдану көрсеткіштері

Ауыр дәрежедегі депрессиялық көріністер; обсессивті-компульсивті бұзылыстар; үрейлі бұзылыстар; әлеуметтік фобиялар; жайылған үрейлі бұзылыстар; жарақаттанудан кейінгі стресс бұзылыстары.
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Паркинсона
  2. Нарушения сна (педиатрия)

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; биполярлы бұзылыстардың маниакальді фазасы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Флуоксетин¹ (Fluoxetine) қараңыз. Ахлоргидрия немесе асқазан қышқылдығының жоғары көрсеткіші кезінде сақтықпен қолдану (пероральді қабылдауда сіңірілуі төмендейді).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь - седативті әсердің потенцирленуі.Амиодарон, дропиридол, флеканид, флуфеназин, галоперидол, пропафенон, рисперидон, саквинавир, трициклді антидепрессанттар, соталол және QT аралығын ұзартатын басқа да препараттар - қарыншалық аритмияның даму қаупі.Құрысуға қарсы препараттар - құрысуға дайындық табалдырығының төмендеуі.Карбамазепин, фенитоин, клозапин - концентрациясы жоғарылауы мүмкін.Кумаринді антикоагулянттар, мысалы, варфарин - антикоагулянтты әсердің потенцирленуі мүмкін.Селегилин, трамадол - орталық жүйке жүйесінің зақымдану қаупі.Литий - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және уытты көріністерінің артуы.Моноаминооксидаза тежегіштері, мысалы, фенелзин - күрделі уытты көріністерінің даму қаупіне байланысты бірге тағайындауды БОЛДЫРМАУ.СЕҚҚП, аспирин, антикоагулянттар - қан кету даму қаупі.Тамоксифен - тамоксифеннің емдік әсерінің төмендеуі.Трициклді антидепрессанттар, мысалы, амитриптилин - трициклді антидепрессанттар концентрациясының артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

ШСЖ 30 мл/мин1,73м2 төмен болғанда дозасын ең төменгі дозаға дейін төмендету.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын ең төменгі дозаға дейін төмендету.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Флуоксетин¹ (Fluoxetine) қараңыз. Пароксетинді қабылдау кезінде экстрапирамидалық реакциялар және тоқтату синдромы басқа СҚҰТТ қабылдауға қарағанда жиірек байқалған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді