N05CM18 Дексмедетомидин¹ (Dexmedetomidine)

Қолдану көрсеткіштері

Қарқынды терапия бөлімшелеріндегі пациенттердің седациясы.Клиникалық хаттама:   1. Жүрек трансплантациясы
    Клинические протоколы:
  1. Трансплантация сердца

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Дексмедетомидинге немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына жоғары сезімталдық; II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (жасанды ырғақ жүргізушісі болмағанда); бақыланбайтын артериялық гипотензия; жедел цереброваскулярлық патология.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препарат қарқынды емдеу жағдайында қолдануға арналған, оны басқа жағдайларда қолдануға болмайды. Препарат инфузиясы кезінде жүрек қызметіне үнемі мониторинг жүргізу керек. Интубацияланбаған пациенттерде тынысқа мониторинг жүзеге асырылуы тиіс. Интубация индукциясының дәрілері ретінде немесе миорелаксанттарды қолданған кезде седацияны қамтамасыз ету үшін қолданылмауы тиіс. Құрысулық белсенділікті тоқтатпайды, және сондықтан тырыспалық статуста монотерапия ретінде қолдануға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анестетиктер, седативті, ұйықтататын заттар, наркотикалық анальгетиктер - олардың әсерінің күшеюі. β-адреноблокаторлар - артериялық қысымның жоғарылауы және брадикардияның дамуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, қажет болған жағдайда дозасын төмендету.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия.Жиі: гипергликемия, гипогликемия, ажитация, ишемия немесе миокард инфарктісі, тахикардия, жүрек айнуы, құсу, ауыз ішінің құрғауы, тоқтату синдромы, гипертермия.Жиі емес: метаболизимдік ацидоз, гипоальбуминемия, галлюцинациялар, I деңгейдегі AV-блокада, жүректің минуттық көлемінің азаюы, ентігу, шөлдеу.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді