A02BC04 Рабепразол (Rabeprazole)
Қолдану көрсеткіштері
Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА), Золлингер-Эллисон синдромы.
-
Клинические протоколы:
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Перикардиты у детей
- Аутоимунный гепатит
- Ахалазия кардии
- Гастродуоденальный стеноз
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
- Грыжи пищеводного отверстия диафрагмы
- Неязвенные колиты у детей (ишемический колит)
- Функциональная диспепсия у детей
- Хронический гастрит
- Хронический панкреатит у взрослых
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
- Трансплантация почки
- Инородное тело пищевода у детей
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Протондық помпа тежегіштері асқазан обыры симптомдарын жасыруы мүмкін, сондықтан препаратты қабылдамас бұрын жаңа түзілімдердің бар-жоқтығына көз жеткізу керек және пациенттер препаратты ұзақ уақыт қолдану кезінде жүйелі тексеруден өтуі керек. Пациентке препаратты тұтастай қабылдау керектігі туралы хабардар ету: оларды сындыруға немесе шайнауға болмайды. Көлік құралын жүргізу және механизмдерді басқаруда сақтық таныту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кетоконазол, итраконазол - қан плазмасында зеңге қарсы заттар концентрациясының төмендеуі.Атазанавир - атазанавир әсері деңгейінің төмендеуі.Метотрексат - қан сарысуында метотрексат және/немесе оның метаболиті деңгейінің жоғарылауы және олардың жартылай шығарылуы кезеңінің ұзаруы, метотрексат уыттылығының қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр дисфункциясы кезінде сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы, бас айналуы, астения, ұйқының бұзылуы, көрудің бұзылуы, анорексия, депрессия.Аллергиялық реакциялар: аса жоғары сезімталдық (беттің ісінуін, гипотензия және диспноэны қоса), қышыну, жоғары тершеңдік, буллезді бөртпелер, жөтел, фарингит, ринит.АІЖ тарапынан бұзылыстар: гастрит, стоматит, дәм сезудің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, метеоризм, диарея, іш қатуы, ауыздың құрғауы, диспепсия.Гепато-билиарлы бұзылыстар: гепатит, сарғаю, бауыр энцефалопатиясы.Басқа: интерстициальді нефрит, салмақтың жоғарылауы, гипомагниемия, тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, лейкоцитоз, спецификалық емес ауыру, арқаның ауыруы. Маңызды! Мұнда жанама реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.