N05AD01 Галоперидол¹ (Haloperidol)

Қолдану көрсеткіштері

Шизофрения симптомдарын бақылау және қайталануын болдырмау. Тұлғаның басқа да (өзге психоздар), әсіресе, параноидтық бұзылыстарында. Мания және гипоманиялар. Ақыл-ойының даму кідірісі бар тұлғалар мен бас миының органикалық зақымдануы бар пациенттердегі психикалық бұзылыстарда және озбырлық, аса жоғары белсенділік және өзіне-өзі зиян келтіру сияқты мінез-құлық бұзылыстарында.Айқындылығы орташа және ауыр психомоторлық қозуды, толқуды, қатал немесе қауіпті-импульсивті мінез-құлықты қысқа мерзімді бақылау үшін қосымша дәрі ретінде. Жиль де ля Туретт синдромы және күшті тиктерде, төзімді ықылықтауда, егде жастағы адамдардағы қозу мен ажитацияда.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Аутизм
  3. Депрессии без психотических симптомов
  4. Депрессии с психотическими симптомами
  5. Детский тип шизофрении
  6. Личностные расстройства (психопатии)
  7. Мании без психотических симптомов
  8. Мании с психотическими симптомами
  9. Органические психозы
  10. Острые психозы
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
  14. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  15. Расстройства поведения у детей и подростков
  16. Резидуальные психотические расстройства
  17. Сенильный психоз
  18. Синдром Ретта
  19. Тики
  20. Умственная отсталость
  21. Шизофрения
  22. Миастения
  23. Острый рассеянный энцефаломиелит
  24. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися тошнотой и рвотой

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа асқын сезімталдық, коматозды жағдай, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, феохромоцитома, Паркинсон ауруы, базальді ганглийлер зақымдануы, жүрек қызметінің клиникалық мәнді бұзылулары бар пациенттер, тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Электрокардиограммада QT аралығының ұзаруының және/немесе қарыншалық аритмия даму қаупі, олар препараттың жоғары дозаларын қолданғанда немесе пациенттердің бейімділігінде жоғары жиілікте пайда болады. Электролиттер мөлшерін бақылау, әсіресе, диуретиктер қабылдайтын немесе қатар жүретін аурулары бар пациенттерде ұсынылады. Инсульт даму қаупі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Қатерлі нейролептикалық синдром немесе кеш дискинезия дамыған кезде тез арада қабылдауды тотату керек. Құрысулар туғызуы мүмкін, сондықтан эпилепсиядан зардап шегетін пациенттерде және құрысулардың дамуына бейім жай-күйлер болғанда сақ болу ұсынылады. Автокөлік немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

QT аралығын ұзартатын заттар - QT аралығының ұзаруы, қарыншалардың дірілдеуі-жыпылықтауын («пируэт» типті қарыншалық тахикардия) қоса, қарыншалық аритмияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Бірге ҚОЛДАНБАУ! Гипокалиемия тудыратын диуретиктер - электролиттер теңгерімінің бұзылуы қарыншалық аритмиялар даму қаупін арттырады. Карбамазепин, фенобарбитал, рифампицин - қан плазмасында галоперидол концентрациясының айтарлықтай төмендеуі. ОЖЖ тежейтін заттар (алкоголь, ұйықтатқыш, седативті және күшті анальгетикалық заттарды қоса) - ОЖЖ тежелуінің күшеюі. Леводопа - леводопаның паркинсонға қарсы әсерінің төмендеуі.Маңызды!  Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Айқын бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Айқын бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ажитация, ұйқысыздық, экстрапирамидалық бұзылыстар, гиперкинезия, бас ауыруы.Жиі: депрессия, психоздық бұзылыстар, окулогирлі криз, кеш дискинезия, дистония, дискинезия, акатизия, брадикинезия, гипокинезия, бұлшықет тонусының көтерілуі, ұйқышылдық, маска тәріздес бет, тремор, бас айналу, көрудің нашарлауы, ортостатикалық гипотензия, артериялық гипотензия, іш қатуы, ауыздың құрғауы, шектен тыс сілекей бөлінісі, жүрек айну, құсу, бөртпе, несеп шығару іркілісі, эректильді дисфункция, енгізген жердегі реакция, дене салмағының артуы, дене салмағының төмендеуі, функционалдық «бауыр» тестілерін талдау нәтижелеріндегі ауытқулар.Жиі емес: лейкопения, аса жоғары сезімталдық, сананың шатасуы, жыныстық құштарлықтың кемуі, жыныстық құштарлықты жоғалту, мазасыздық, құрысулар, паркинсонизм, акинезия, «тісті дөңгелек» типі бойынша сіресу, седация, бұлшықеттердің еріктен тыс жиырылуы, анық көрмеу, тахикардия, ентігу, гепатит, сарғаю, фотосенсибилизация реакциялары, есекжем, қышыну, тердің көп бөлінуі, қисық мойын, бұлшықет сіресуі, бұлшықеттердің түйілуі, тірек-қимыл аппараты қозғалысының шектелуі, аменорея,  дисменорея, галакторея, cүт бездеріндегі жағымсыз сезімдер, сүт бездерінің ауыруы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, температураның көтерілуі, ісіну.Сирек: гиперпролактинемия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, қатерлі нейролептикалық синдром, нистагм, бронх түйілуі, тризм, бұлшықеттердің тартылуы, меноррагия, етеккір оралымының бұзылуы, сексуалдық дисфункция,   ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақпен бірге немесе тамақтан кейін, сумен немесе сүтпен ішу. Дене салмағы 60 кгжәне одан жоғары балалар. Балалардағы мінез- құлық өзгерісі, әсіресе асқын белсенділік және агрессиямен байланысты; Жиль де ля Туретт синдромы; балалар шизофрениясы: тәулігіне 0,05 мг/кг 2-3 рет қабылдауға арналған; қажет болса, көтерімділігін ескерумен дозаны әр 5-7 күнде 1 рет 0,15 мг/кг/тәулік жалпы дозаға дейін біртіндеп арттырады.Дене салмағы 60 кг төмен балаларға қарсы көрсетілген.Бұлшықетке, 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.