N04AA01 Тригексифенидил¹ (Trihexyphenidyl)
Қолдану көрсеткіштері
Паркинсонизм; Паркинсон ауруы; нейролептикалық дәрілік заттармен және әсері ұқсас препараттармен негізделген экстрапирамидалық бұзылыстар (кеш дискинезиядан басқа).
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Вильсона-Коновалова у детей
- Болезнь Ниманна-Пика
- Аутизм
- Депрессии без психотических симптомов
- Депрессии с психотическими симптомами
- Детский тип шизофрении
- Личностные расстройства (психопатии)
- Мании без психотических симптомов
- Мании с психотическими симптомами
- Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
- Органические психозы
- Острые психозы
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Расстройства поведения у детей и подростков
- Реакция на стресс
- Резидуальные психотические расстройства
- Сенильный психоз
- Синдром Ретта
- Шизофрения
- Болезнь Паркинсона
- Детский церебральный паралич
Қарсы көрсеткіштері
Тригексифенидилге және/немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық; емделмеген несеп шығарудың ұсталуы; несептің ұсталуымен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы; жабық бұрышты глаукома; ас қорыту жолының обструкциясы, ішек бітелуі; миастения; өкпе ісінуі; тахиаритмиялар; алкогольмен, психотроптық дәрілік препараттармен немесе опиаттармен жедел улану; жедел делирий және мания; психоз; деменция; кеш дискинезия.
Қауіпсіздік шаралары
Егде жастағы пациенттерде және жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарда сақтықпен қолдану. Препаратты мөлшерден тыс қолдануға болмайды. Емдеуді дереу тоқтатуға болмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Алкоголь, каннабиодтар, барбитураттар, опиаттар - бұл препараттардың депрессивті әсерінің күшеюі.Холиноблокаторлар (амантадин, кейбір гистаминоблокаторлар, фенотиазин туындылары, үшциклдік антидепрессанттар және т.б.) – тригексифенидилмен бірге қабылдау ауыздың құрғауын, көрудің бұлдырлануын, зәр шығарудың ұсталуын, іш қатуын тудырады.Маңызды! Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр ауруларында қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр ауруларында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: мидриаз, аккомодация бұзылысы, жарықтан қорқу, ауыздың құрғауы, тер бөлінудің төмендеуі, іштің қатуы, асқазан ауыруы, жүрек айнуы.Жиі емес: несеп шығарудың ұсталуы, тахикардия, жоғары сезімталдық.Сирек: жабық бұрышты глаукома, шаршағыштық, ұйқышылдық, бас айналуы, ашушаңдық, ұйқысыздық, есте сақтаудың нашарлауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.