N02CC03 Золмитриптан (Zolmitriptan)

Қолдану көрсеткіштері

Аурамен (көру, есту, қимыл-қозғалыс және психикалық бұзылуларымен) немесе аурасыз жүретін, бас сақинасы ұстамаларын емдеу.

Қарсы көрсеткіштері

Золмитриптанға немесе препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық, ауыр артериялық гипертензия, жеңіл бақыланбайтын артериялық гипертензия, ангиоспастикалық стенокардия, жүректің ишемиялық ауруы, анамнезінде миокард инфарктісінде, Принцметал стенокардиясы, анамнезінде инсульт және транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ), WPW-синдромы, жүрек ырғағының бұзылуы, 65 жастан асқан пациенттер, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза- галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты анықталған диагноз жағдайында ғана қабылдау керек. Препаратты қабылдауға дейін басқа да мүмкін болатын күрделі неврологиялық жағдайларды болдырмау керек. Гемиплегиялық немесе базилярлық бас сақинасында қолданбау керек. Бас миы қанайналымы бұзылуының даму қаупі жоғарылайды. ЖИА даму қаупі жоғары пациенттерге препаратты қабылдауға дейін жүрек- қантамыр жүйесі жағдайына тексеру жүргізу ұсынылады. Автокөлік немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дигидроэрготамин, эрготамин және 5-HT1D-рецепторлардың басқа да агонистері - коронарлық тамырлар түйілуінің пайда болу қаупі.  МАО-А тежегіштері - золмитриптан AUC айтарлықтай жоғарылауы. Циметидин - жартылай шығарылу кезеңінің және золмитриптан AUC мен оның метоболитінің ұлғаюы. Флувоксамин, хинолдар - золмитриптан концентрациясының артуы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 15 мл/ мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында тәуліктік доза 5 мг аспауы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүректің қағысы, сезімталдықтың бұзылысы, бас айналуы, бас ауыруының күшеюі, гиперестезиялар, парестезиялар, ұйқышылдық, ыстықты сезіну, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет ауырсынуы, астения, тамақта, мойында, кеуде қуысында және аяқ-қолдарда ауырлық және жаншылу сезімі.Сирек: миокард инфарктісі, стенокардия кернеуі, коронарлық тамырлар тарылуы, интестинальді ишемия, интестинальді инфаркт, көкбауыр инфарктісі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.