N02CC01 Суматриптан (Sumatriptan)

Қолдану көрсеткіштері

Бас сақинасы ұстамаларын шеттету.Клиникалық хаттама:   1. Бас аурулары (педиатрия)
    Клинические протоколы:
  1. Головные боли (педиатрия)

Қарсы көрсеткіштері

Суматриптанға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық, жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, принцметал стенокардиясы, инфарктіден кейінгі жағдай) және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да аурулары, ми қан айналымының бұзылуында (ми инсульті, мидың транзиторлы ишемиясы), шеткері қан айналымының бұзылуы, бақыланбайтын гипертензия, орташа және ауыр дәрежелі артериялық гипертензия, моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану, құрамында эрготамин немесе дигидроэрготамин және метисергид сияқты оның туындылары бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану, эпилепсия, 65 жастан асқан пациенттерге.

Қауіпсіздік шаралары

Суматриптанді анамнезінде эпилепсиясы бар науқастарға сақтықпен қолданған жөн, сонымен қатар жүрек-қантамыр ауруларының жоғары қаупі бар пациенттерге бұл жүйенің функционалды жағдайын алдын ала бағалауынсыз қолданбаған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік затты бірге қабылдауға болмайды: құрамында эрготамин және оның туындылары бар препараттармен бірге (дигидроэрготамин немесе метисергид); суматриптанның клиренсін төмендететін моноаминооксидаза тежегіштерімен; серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштерімен, мысалы флуоксетинмен, флувоксаминмен, пароксетинмен, серталинмен бірге (әлсіздік, жоғары қозғыштық, қимыл үйлесімінің болмауы байқалуы мүмкін); шайқурай шөбімен - серотонинергиялық әсерлердің күшеюі мүмкін; моклобемидпен - оның биожетімділігі артады. Егер бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, пациент дәрігердің бақылауында болуы керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы, ұйқышылдық, парестезия және гипестезияны қоса, сезімталдықтың бұзылуы, препаратты қабылдағаннан кейін дереу артериялық қысымның транзиторлы жоғарылауы, «құйылулар», тұншығуды сезіну, жүрек айнуы, құсу (препаратты қабылдаумен байланысы анықталмаған), кеуде қуысында, шүйдеде, көмекейде қысылу сезімі, миалгиялар, ауыру, ысынуды, суынуды, жүктемені немесе қысылуды сезіну, әлсіздік, шаршағыштық.Өте сирек: бауыр функциялық көрсеткіштерінің елеусіз өзгеруі.Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық симптомдары, тері реакцияларынан (есекжем) анафилаксиялық шоктың сирек жағдайларына дейін, құрысулар, тремор, дистония, нистагм, скотома, диплопия, көру аймағының өзгеруі, көру өткірлігінің төмендеуі, көру өткірлігінің қайтымсыз төмендеуін қоса, брадикардия, тахикардия, жүректің қатты соғуы, аритмия, ишемиялық типтегі ЭКГ өтпелі өзгерістер, коронарлық артерияның түйілуі, стенокардия, миокард инфарктісі, гипотензия, Рейно синдромы, ишемиялық колит, диарея, шүйде бұлшықеттерінің сіресуі, артралгиялар, қорқыныш, гипергидроз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.