A10BJ03 Ликсисенатид (Lixisenatide)

Қолдану көрсеткіштері

Қантты төмендететін пероральді дәрілік заттармен және/немесе базальді инсулинмен біріктірілімінде, егер соңғысы диетамен және дене жүктемесімен қатар глюкоза деңгейін тиісінше бақылауды қамтамасыз етпеген жағдайда, гликемиялық бақылауға қол жеткізу үшін 2 типті қант диабеті бар ересектерді емдеу.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа асқын сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Ликсисенатидті 1 типті қант диабетінде, диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолданбаған жөн. Панкреатитті бастан кешкен пациенттерде қолданған кезде сақтық таныту қажет. Ауыр гастропарезді қоса, ауыр асқазан-ішек аурулары бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Контрацептивтерді қолданбайтын, бала туа алатын жастағы әйелдерге ұсынылмайды.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Варфарин және/немесе кумарин туындылары - ликсисенатидпен емдеуді жүргізу немесе аяқталуы кезінде ХҚҚ жиі мониторинг жүргізу қажет. Сульфонилмочевина немесе базальді инсулин - гипогликемияның даму қаупі артады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаларын түзету талап етілмейді. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары бар пациенттерге немесе бүйрек ауруларының терминальді сатысындағы пациенттерге ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия (сульфонилмочевинамен және/немесе базальді инсулинмен біріктірілімінде), бас ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея.Жиі: тұмау, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары, цистит, вирустық инфекция, гипогликемия (метформинмен ғана біріктірілімінде), бас айналуы, ұйқышылдық, диспепсия, бел ауыруы, инъекция жасалған жердің қышынуы.Жиі емес: анафилаксиялық реакция, есекжем.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.