M05BA06 Ибандрон қышқылы (Ibandronic acid)

Қарсы көрсеткіштері

Гипокальцемия;  ас қорыту жолдарының ауруы, тағамның өтуі бұзылуы (тағам қортылуының бұзылуы, ахалазия, ), таблетканы қолданғаннан кейін 60 мин дейін вертикальды отыруға немесе тұруға мүмкіншілігі жоқ науқастарға;

Қауіпсіздік шаралары

Ибандрон қышқылын тағайындау кезінде асқазан-ішек жолдары бұзылуы (мысалы, белгілі Баррет синдромы, дисфагия, тагы да басқа ас қорыту аурулары, гастрит, дуоденит немесе ойық жара) бар науқастарға тітіркендіргіш әсері бар  және негізгі аурулардың  нашарлау қауіпін тудырудан сақ болған жөн. Тұқым қуалайтын сирек кезедесетін галактозаны көтере алмаушылық ауруы бар , Лаппа лактаза  немесе мальабсорбциялы глюкоза-галактоза жетіспеушілігі бар науқастарға бұл дәрілік препаратты қолдануға болмайды. Жақтың остеонекрозы дамуының қаупінің туу факторымен байланысты емнің басынан бастап ауыз қуысының тексеру және стоматологиялық алдын алу  іс-шараларын жүргізу. Атиптік сезімтал және диафазарлы жамбас сүйектерінің сынуы. Жүрек арулары (сұйықтықты шамадан тыс қолданудан аулақ болыңыз).Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Аминогликозидтер (мысалы, гентамицин) - гипокальцемияның жоғары қауіпі; Антацидтер, алюминий, кальций, магний, темір тұздары - пероральды бисфосфонаттардың абсорбциясын төмендетеді; Ацетилсалицил қышқылы және СЕҚҚП - асқазан-ішек жолдарының жағымсыз реакцияларының артуының мүмкіндігі. Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ибандрон қышқылы 30 мл/мин - тен кем креатин клиренсті науқастарға ұсынылмайды

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: іштің ауруы, астения, қаңқа-бұлшық етінің ауруы, қалтырау, диарея, диспепсия, гастрит, бас ауры, гипокальцемия, гипофосфатемия, қызба, тұмау тәріздес синдром, бұлшықет спазмы, жүрек айнуы, гастро-эзофагеальды рефлюкс.Жиі емес: анемия, ангионевротикалық ісіну,  жамбас сүйегінің атиптік емес сынулары, бронхаспазм, жоғары сезімталдық, қышыну, есекжем.Сирек:  есту жолдарының остеонекрозы, жақ остеонекрозы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.