M05BA04 Алендрон қышқылы (Alendronic acid)
Қолдану көрсеткіштері
Климактериялық остеопорозды емдеу (омыртқаның және ортан жіліктің сыну қаупін төмендету).
-
Клинические протоколы:
- Аутоимунный гепатит
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Хронический панкреатит у взрослых
- Остеопороз
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Первичный гиперпаратиреоз
- Хронический гепатит В у взрослых
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Өңеш аномалиялары және өңештің өткізгіштігін қиындататын басқа да факторлар (ахалазия, стриктура); науқастың тік қалыпта қалуға қабілетсіз болуы (тым болмаса 30 минут бойы отырған күйде); алендронатқа немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; гипокальциемия.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Препарат ас қорыту жолдарының жоғары бөліктерінің шырышты қабықтарын жергілікті тітіркендіруі мүмкін. Сондықтан пилоропластиканы қоспағанда асқазан-ішек жолдарының жоғары бөліктеріндегі хирургиялық араласуларда, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің дисфагия, өңеш аурулары, гастрит, дуоденит, ойық жара немесе асқазан- ішектен қан кету сияқты ауруларында сақтықпен қолдану тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Аминогликозидтер (мысалы, гентамицин) - гипокальцемия дамуының жоғары қауіптілігі; • Антацидтер, алюминий, кальций, магний, темір тұздары - пероралды бисфосфонаттар абсорбциясының төмендеуі;• СЕҚҚП - асқазан- ішек жолдары жағынан жанама әсерлердің жоғарылату мүмкіндігі.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауруы, тітіркенгіштік, іш ауруы, диспепсия, іштің қатуы, диарея, метеоризм, өңештің ойық жарасы, дисфагия, іш кебуі, қышқылды кекіру; бұлшықет, сүйек, буындардың ауруы;Жиі емес: жүрек айну, құсу, гастрит, эзофагит, өңештің эрозиясы, мелена; экзантема, терінің қышуы, эритема;Сирек: өңештің тарылуы, жұтқыншақтың ойық жарасы, асқазан- ішек жолының жоғары бөлігі ойық жарасының тесілуі және қан кетулер ; увеит, склерит, эписклерит, конъюнктивит, хиалит; есекжем, ангионевротикалық ісіну; әлсіздік, миалгия, кейде емдеу басында қызба, фотосезімталдылықпен бөртпе, симптоматикалық гипокальцемия, гипофосфатемия;Өте сирек: Стивенс-Джонсон синдромы, токсикалық эпидермалды некролиз, жақ сүйегінің остеонекрозы, ортан жіліктің атипиялық ұршықасты және диафизарлы сынулары, астения, перифериялық ісінулер.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қарсы көрсетілген
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді