M04AA01 Аллопуринол (Allopurinol)

Қолдану көрсеткіштері

Біріншілік және екіншілік подагра, қандағы зәр қышқылы деңгейінің жоғарылауымен және нуклеопротеидтердің шектен тыс ыдырауымен жүретін, патологиялық процесстерде біріншілік және екіншілік гиперурикемия, ураттардың түзілуі бар бүйректас ауруы,  түрлі гемобластомалар (жедел лейкоз, лимфосаркома және т.б.), ісіктердің цитостатикалық және сәулелік терапиясы, псориаз, кортикостероидты препараттармен жаппай терапия.
    Клинические протоколы:
  1. Первичная лимфома центральной нервной системы
  2. Подагрический артрит
  3. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей

Қарсы көрсеткіштері

Аллопуринолға және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық, подаграның жедел ұстамасы, галактазоны көтереалмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Бүйрек және бауыр функциясының бұзылыстары кезінде аллопуринолды сақтықпен қолдану қажет – дәрігердің тұрақты қадағалауы қажет, аллопуринол дозасын сәйкес ұсыныстарды ескере отырып, алдын ала анықталған гемопоэз бұзылыстары, артериялық гипертензиясы және жүрек жетіспеушілігі бар, ілеспелі бүйрек функциясының бұзылысынан диуретиктерді және/немесе ААФ ингибиторларын қабылдап жүрген пациенттерде төмендету қажет. Аллопуринолмен емдеу кезінде диурезді 2 л/тәулігіне деңгейде ұстап отыру қажет, сонымен бірге зәр реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі болуы тиіс, өйткені бұл тас түйіршіктерінің түзілуінің, ураттардың шөгуінің алдын алады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Диданозин - бірге тағайындауды болдырмау (уыттылығының жоғарылауы);• Капецитабин – бірге тағайындауды болдырмау;• Азатиоприн, меркаптопурин - осы препараттардың гематологиялық уыттылығының артуы (дозасын азайту!);• Варфарин, кумариндер – шамадан тыс қан кетудің жекелеген жағдайлары, сондықтан протромбин уақытын бақылау (International Normalized Ratio -INR)  қажет;• ААФ ингибиторлары - жоғары сезімталдық және лейкопенияның жекелеген жағдайлары (жанама әсерлерді мұқият бақылау);• Циклоспорин - циклоспорин концентрациясының жоғарылауы және нефроуыттылық әсері мүмкін.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік заттардың өзара әрекеттесуінің қысқаша сипаттамасы берілген. Қосымша ақпарат және әрекеттесуі туралы ұсыныстар алу үшін дәрілік заттың нұсқаулығы және өзара әрекеттесуінің ақпарат көздеріне жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсінің көрсеткішіне байланысты дозасын түзету. Креатинин клиренсінің көрсеткіші 2 мл/мин кем болғанда қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылыстарында дозаны минималды тиімді дозаға дейін төмендету керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қышыну, бөртпелер, соның ішінде кебек тәрізді, пурпура тәрізді, макулопапулезді;Жиі емес: жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде тері реакциялары, жүрек айнуы, құсу, бауыр сынамалары деңгейінің симптомсыз жоғарылауы;Сирек: эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, улы эпидермалды некролиз; емнің кез келген уақытында реакциялар орын алуы мүмкін,  олар пайда болған кезде, аллопуринолды қабылдауды тез арада тоқтату керек; гепатит (сонымен бірге гепатонекроз және гранулематозды гепатит), жедел холангит;Өте сирек: лимфоаденопатия, оның ішінде ангиоиммунобластты лимфоаденопатия (әдетте препаратты қабылдауды доғарғаннан кейін қайтымды); анафилаксия, соның ішінде анафилактикалық шок, алопеция,ангиоэдема, шаштың түссізденуі, белгіленген дәрілік эритема, фурункулез, сүйек кемігінің ауыр зақымдануы (тромбоцитопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия), қант диабеті, гиперлипидемиея, депрессия, атаксия, кома, бас ауруы, нейропатиялар, құрысулар, перифериялық невриттер, парестезиялар, салдану, ұйқышылдық, дәмнің бұрмаланған сезімі, катаракта (әсіресе, егде жастағы науқастарда, жоғары дозада ұзақ мерзімді қабылдау кезінде), макулярлы өзгерістер, көру бұзылыстары, вертиго, стенокардия, брадикардия, артериялық гипертензия, үлкен дәрет ритмінің өзгерістері, стоматит, стеаторея, гематомезис, интерстициалдық нефрит, гематурия, уремия, гинекомастия, импотенция, ерлердің бедеулігі, астения, қызба,  сырқаттық сезімі, ісінулер, миопатия/миалгия, тіндерде, сонымен бірге бұлшықеттерде ксантиндердің жиналуы.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтан кейін, шайнамай, судың көп мөлшерімен қабылдау керек.Қатерлі өспелердің цитоуытты, әсіресе лейкемия және ферменттік бұзылыстар (мысалы,  Леша-Ниен синдромы) терапиясын жүргізген кезде: 6 жас және одан жоғары балаларға дене салмағына байланысты 10 мг/кг тәуліктік дозада тағайындайды. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.