M03BX02 Тизанидин (Tizanidine)
Қолдану көрсеткіштері
Омыртқаның органикалық және функционалдық бұзылыстарының салдарынан болған ауыртумен бұлшықет түйілулерінде, хирургиялық операциялардан кейін (сонымен қатар, омыртқа арасындағы дискінің жарығы немесе ұршық буынындағы остеартрозға байланысты), неврологиялық аурулардағы (соның ішінде жайылған склероз, созылмалы миелопатияда, жұлынның дегенеративтік ауруларында, бастан кешкен инсульттан кейінгі қалдық көріністерінде, бассүйек-ми жарақатында,) қаңқа бұлшықеттерінің түйілулерінде
-
Клинические протоколы:
- Заболевания белого вещества головного мозга
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Поддерживающая реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Болезнь Ниманна-Пика
- Головные боли (педиатрия)
- Детский церебральный паралич
- Рассеянный склероз
- Гиперкинезы
Қарсы көрсеткіштері
Тизанидинге немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Тизанидинді 12 мг және одан да жоғары тәуліктік дозада тағайындалатын пациенттерде, сондай-ақ бауыр қызметінің бұзылуын болжауға мүмкіндік беретін клиникалық белгілер байқалған жағдайларда бауырдың функционалдық сынамасын емдеудің алғашқы 4 айы ішінде айына 1 рет жүргізу ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ципрофлоксацин, флувоксамин – бірге тағайындауды болдырмау;• QT интервалын ұзартатын препараттар – аритмия дамуы мүмкін (домперидонмен бірге тағайындауды болдырмау, басқа препараттарды сақтықпен қолдану);
Гипертензияға қарсы және гипотензияны тудыратын басқа да препараттар- гипотензивті әсерінің күшеюі;
Анксиолитиктер, седативті, опиаттар, алкоголь және седативті әсер шақыратын басқа да препараттар – седативті әсердің күшеюі;
Дигоксин, бета-блокаторлар – брадикардияның даму қаупі.
Ескерту: Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары бар пациенттерге тизанидинді сақтықпен тағайындау керек (креатинин клиренсі 25 мл/мин төмен бүйрек жеткіліксіздігі).
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ұйқышылдық, әлсіздік, бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, галлюцинациялар, бұлшықет әлсіздігі, шаршағыштық, брадикардия, артериялық қысымның шамалы төмендеуі;Сирек: ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, асқазан-ішек бұзылыстары, «бауырлық» трансаминазалар белсенділігінің өтпелі жоғарылауы, жедел гепатит.Жоғарғы дозаларды қабылдағанда, жоғарыда келтірілген жағымсыз әсерлері жиі пайда болады және айқын білінеді.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.