M03AX01 Ботулиндік токсин (Botulinum toxin)
Қолдану көрсеткіштері
| Фокальді
спастикалықты симптоматикалық емдеу үшін: • ересектердің қолдарын • тобық буыны зақымданған ересектердің аяқтарын • балалардың церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балаларда аяқтың динамикалық эквинустық деформациясында • балалардың церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балалардың қолдарын Жұлынның зақымдануы (травматикалық немесе травматикалық емес) немесе шашыраңқы склероз салдарынан детрузордың нейрогендік гиперактивтілігі бар, жүйелі түрде таза мерзімді катетеризация жүргізетін ересектерде несепті ұстай алмауды емдеу үшін. Ересектерде келесі ауруларды симптоматикалық емдеу үшін: • спазмдық қисықмойын • блефароспазм • гемифациялық спазм • антиперспиранттармен немесе антигидрозды дәрілермен жергілікті емдеуге жауап бермейтін қолтық аумағының ауыр бастапқы гипергидрозы. 65 жасқа дейінгі ересек пациенттерде сыртқы түрін уақытша жақсарту үшін, орташа және айқын білінетін: • қастардың арасындағы аймақтың қабағын түйгенде білінетін әжімдері (қастар арасындағы тік қатпарлар) • күлген кезде барынша көрінетін латеральдік кантальды қатпарлар (көздің сыртқы бұрыштарындағы әжімдер, «қаздың табаны» деп аталатын), егер бұл сызықтардың айқындылығы пациентке айтарлықтай психологиялық әсер етсе |
-
Клинические протоколы:
- Третий этап "Амбулаторная реабилитация II". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Поддерживающая реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Болезнь Ниманна-Пика
- Детский церебральный паралич
- Ахалазия кардии
- Гиперкинезы
- Болезнь Паркинсона
- Болезнь Гентингтона
- Третий этап (поздний) медицинской реабилитации. Профиль "Неврология и нейрохирургия" (взрослые)
Қарсы көрсеткіштері
| Әсер
етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық, балалардың церебральдық сал ауруына байланысты спастикалықты емдеу кезінде 2 жасқа дейінгі балаларға, барлық басқа көрсетілім кезінде 18 жасқа дейінгі балаларға, детрузордың нейрогендік гиперактивтілігінен несепті ұстай алмауды емдеу кезінде несеп шығару жолдарының инфекциясы |
Қауіпсіздік шаралары
| Препарат
бір емделушіні бір емшара барысында емдеуге арналған; инъекцияға дайындау
және препаратты енгізу, сондай-ақ қалған ерітіндіні инактивациялау және
кәдеге жарату кезінде арнайы сақтық шараларын сақтаңыз. Препарат құрамында
адам альбуминінің аз мөлшері бар. Адам қаны немесе қаннан алынған өнімдерді
пайдалану кезінде вирустық инфекцияның жұғу қаупін толығымен жоққа шығару
мүмкін емес. Токсин әсерінің енгізу орнынан алыс аймақтарға таралуымен
байланысты жағымсыз әсерлер туралы хабарланған. Дозалау жөніндегі ұсынымдарды
сақтау және ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы мұндай жағымсыз әсерлердің
қаупін азайтуға болады. Жүйке-бұлшықет берілісі бұзылған (мысалы, миастения
гравис) емделушілерде бұлшықеттің шамадан тыс әлсіздігінің қаупі жоғары
болады. Жұтыну немесе тыныс алу қиындықтары бар емделушілерде препаратты
сақтықпен қолданыңыз, себебі токсин әсері тиісті бұлшықеттерге таралған
жағдайда бұл жағдайлар нашарлауы мүмкін. Тұрақты контрактуралары бар
емделушілерде спастикалықты емдеу үшін қолданбаңыз. Бұлшықет әлсіздігі мен
көру қабілетінің бұзылу қаупіне байланысты көлік жүргізу немесе қауіптілігі
жоғары механизмдерді басқару кезінде сақтық танытыңыз. Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Ботулиндік токсиннің әсері жүйке-бұлшықет функциясымен тікелей немесе жанама өзара әрекеттесетін дәрілік препараттармен күшейтілуі мүмкін (мысалы, аминогликозидтер, кураре тәрізді деполяризацияламайтын блокаторлар). Мұндай препараттарды жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты ботулиндік токсинмен емдеуден өтетін пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі кезінде ботулиндік токсин дозасын жалпы түзету әдетте қажет емес, алайда жұқпалы асқынулардың пайда болуын бақылаудың маңыздылығы артады. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар пациенттерде ботулиндік токсинді қолдану сақтықты талап етеді. |
Жүктілік
| Жүктілік кезінде, егер пайдасы шарана үшін кез келген әлеуетті қауіптен артық болса ғана қолдану керек. Жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек. |
Емізу
| Препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды. |
Жағымсыз әсерлері
| Жалпы
деректер Жиі: - жалпы әлсіздік - шаршағыштық - тұмауға ұқсас жағдай - енгізу орнындағы реакция (ауыру, гематома, қышыну, ісіну) Жиі емес: - қышыну Сирек: - невралгиялық амиотрофия - бөртпе Белгісіз: - аса жоғары сезімталдық - гипестезия - бұлшықет атрофиясы Толығырақ ақпарат алу үшін дәрінің нұсқаулығын қараңыз. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Емнің
бастапқы және кейінгі сеанстарында дозалануы қамтылған бұлшықеттердің
мөлшерін, санын және орналасуын, спазмның айқындығын, жергілікті бұлшықет
әлсіздігінің болуын, пациенттің алдыңғы емге жауап реакциясын және/немесе
препаратпен емдеудегі жағымсыз құбылыстар тарихын ескере отырып, жеке
таңдалуы тиіс. 500 ӘБ және 1000 ӘБ дозалары төменде көрсетілгендей таңдалған
бұлшықеттер арасында бөлінеді. Әдетте инъекцияның бір аумағына 1 мл ерітіндіден артық енгізбеу керек. Жалпы доза бір емдеу сеансы кезінде 1000 бірліктен аспауы тиіс. Ересектердің қолдары мен аяқтарының фокальді түйілуін емдеуде Ботулотоксин концентрациясы 1 мл-де 100 ӘБ немесе 1 мл-де 200 ӘБ немесе 1 мл-де 500 ӘБ ерітінді алу үшін инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде сұйылтылады. Қолданудың алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. |
Балаларда қолданылуы
| Балалардың
церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балалардағы аяқтардың
фокальді спастикалығы. Балалардың церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балалардағы аяқтың динамикалық эквинустық деформациясы. Балалардың церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балалардағы қолдардың фокальді спастикалығы. Дәрілік затты тағайындау және оның дозасын анықтау кезінде емдеудің ұлттық стандарттарын, мамандандырылған медициналық мекемелердің емдеу хаттамаларын және қолдану жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алыңыз. |