M02AA23 Индометацин (Indometacin)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы ревматоидты артрит, остеоартрит, остеоартроз, шорбуынданатын спондилит, псориаздық полиартрит, подагралық артритті кешенді емдеуде қосымша дәрі ретінде; тірек-қимыл аппаратының буыннан тыс ревматизмінің жергілікті түрлері: тендиниттер, синовиттер, тендовагинит, фасция және буын байламдарының қабынуы, бурсит; тірек-қимыл аппаратының жарақаттанудан кейінгі зақымданулары (созылулар, шығып кетулер, соғылулар) кезіндегі қабынуды, ауыру мен ісінуді жергілікті симптоматикалық

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерге демікпелік ұстама, есекжем немесе аллергиялық риниттің клиникалық көріністермен асқын сезімталдық; ашық жаралар, инфекция жұқтырған тері.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде бүйрек аурулары немесе жүрек жеткіліксіздігі болған асқазан немесе он екі елі ішектің белсенді ойық жарасы бар пациенттер, егде жастағы пациенттер сияқты индометацин қосылған жақпамаймен емдеуді тек дәрігермен кеңескен соң жүргізулері тиіс. Ұзақ емдегенде (10 күннен астам) лейкоциттер мен тромбоциттер санына зертханалық бақылау жүргізу ұсынылады. Препарат құрамында теріге тітіркендіргіш әсер беруі мүмкін диметилсульфоксид, ланолин бар.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

СЕҚҚП, ЦОГ-2 таңдамалы тежегіштері- жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупі. Ацетилсалицил қышқылы, кортикостероидтар- асқазан- ішектік асқынулардың қаупі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қолданған жердің ашытуы, қызару, қышыну, бөрту, қабыршақтану, терінің құрғауы.Сирек: жергілікті ісіну, везикулярлық бөртпе, ангионевроздық ісіну, тұншығу, тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, ауыру, қан құйылу және ойық жаралар (ауқымды тері беткейіне қолданғанда).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балаларға және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді