M02AA15 Диклофенак (Diclofenac)
Қолдану көрсеткіштері
Тері тіндері бүтіндігін бұзбастан сіңірлер, байламдар, бұлшықеттер мен буындар бұзылыстары кезіндегі ауырсынуды жеңілдету. Перифериялық буындар остеоартриттерін емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Гоше
- Остеоартроз
- Псориатический артрит
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Диклофенакқа, басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға, изопропил спиртіне, пропиленгликольге немесе дәрілік препараттың басқа да заттарына жоғары сезімталдық; құрамына диклофенак кіретін өзге препаратттарды бір мезгілде қолдану.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Зақымдануларға және ашық жараларға тигізуді болдырмай, зақымданбаған теріге жағу керек. Препараттың көзге немесе шырышты қабықтарға түсуін болдырмау, сонымен қатар ішке қабылдауға болмайды. Препарат құрамына кіретін бутилгидрокситолуол мен пропиленгликоль кейбір пациенттерде терінің әлсіз жергілікті зақымдануын, жанаспалы дерматит, көздің немесе шырышты қабықтардың тітіркенуін тудыруы мүмкін. Теріде бөрту пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Препаратты терінің үлкен аумағында немесе ұзақ уақыт аралығында қолданғанда жүйелі жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилсалицил қышқылы, басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттар- бір мезгілде қабылдағанда жағымсыз реакциялар жиілігінің артуы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Жүктіліктің үшінші триместрінде қарсы көрсетілген. Артериялық түтіктің мезгілінен бұрын жабылу немесе босану қызметінің әлсіздігі мүмкіндігіне байланысты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бөртпе, экзема, эритема, дерматит (жанаспалы дерматитті қоса), қышыну.Сирек: буллезді дерматит.Өте сирек: асқын сезімталдық реакциялары (соның ішінде есекжем, Квинке ісінуі, бронх демікпесі, фотосенсибилизация), асқазан- ішектік бұзылыстар, пустулезті бөртпе.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Жергілікті. Жасөспірімдерге: тәулігіне 2 рет, таңертең және кешке, ұзақтығы 14 күннен артық емес. Жас ерекшеліктеріне байланысты шектеулер препараттың дәрілік түріне байланысты, препарат нұсқаулығын қараңыз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді