M02AA10 Кетопрофен (Ketoprofen)

Қолдану көрсеткіштері

Бұлшықет және буындар жарақатынан кейінгі ауырсынулар (сіңірдің және байламдардың шығып кетулері, созылулар мен соғылулар, жарақаттан кейінгі ауырсынулар), тендовагинит.Клиникалық хаттама:   1. Фабри ауруы   2. Жіті аппендицит    3. Қысылған жарық
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Фабри
  2. Острый аппендицит
  3. Ущемленная грыжа

Қарсы көрсеткіштері

Кетопрофенге және/немесе құрамындағы қосымша заттарына, СЕҚҚП, ацетилсалицил қышқылына асқын сезімталдық, күн сәулесіне, дымқылданатын дерматоздар, экзема, жұқпалы жаралар, жарақаттар, күюлер, терінің өзгерулері бар инфекциялық аурулар, анамнезінде тиапрофен қышқылына, фенобарбиталға, холестерин концентрациясын төмендететін дәрілік заттарға, кетопрофенге, күнге куюге қарсы кремдерге терілік аллергия, анамнезінде фотосенсибилизацияның кез келген реакциясы. Кетопрофен ацетилсалицил қышқылы және басқа да басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге сезімтал адамдарда бронх түйілуін шақыруы мүмкін.

Қауіпсіздік шаралары

Бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстары, қанайналым жеткіліксіздігі, бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Ұзақ уақыт қабылдауда ауыр бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолдану. Дәрілік заттың шырышты қабықтарға және көз ішіне түсуін болдырмау керек. Зақымдалған терілердің бетіне қолданбау. Дәрілік зат қолданған тері бетін ем барысында және емнен 2 аптадан  кейін де күн түсуден қорғау (солярийдегі УК-сәулені қоса).Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

СЕҚҚП, глюкокортикостероидтар, этанол, кортикотропин- асқазан- ішектен қан кетудің дамуы және ойық жаралардың түзілуі. Ішке қабылдайтын антикоагулянттар, гепарин, тромболитиктер, антиагреганттар, цефаперазон, цефамандол - қан кету қаупі. Инсулин және пероральді гипогликемиялық заттар- гипогликемиялық әсерінің жоғарылауы. Натрий вальпроаты- тромбоциттер агрегацияларының бұзылуы. Верапамил, нифедипин - қан плазмасында концентрациясының жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Айрықша сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Айрықша сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Терінің аллергиялық реакциялары, тері гиперемиясы, фотосенсибилизация, терілік экзантема, пурпура, қышыну, бөртпе, везикулезді және буллезді дерматит, есекжем.Өте сирек: бүйрек жеткіліксіздігінің күшеюі.Жиілігі белгісіз: анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, экзема.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.