M01AE02 Напроксен (Naproxen)
Қолдану көрсеткіштері
Ревматоидты артрит (сонымен бірге 6 жастан асқан балаларда ювенильді артрит), шорбуынданатын спондилит, остеоартроз, жедел подагралы артрит, бурсит, капсулит, синовит, тендинит, теносиновит, тендовагинит, альгодисменорея, бас сақинасы, миалгия, невралгия, операциядан және жарақаттан кейінгі ауырсыну, тіс ауыруы.
-
Клинические протоколы:
- Геморрагический васкулит у детей
- Миокардиты у детей
- Неревматические поражения митрального клапана у детей
- Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
- Перикардиты у детей
- Хронические ревматические болезни сердца у детей
- Болезнь Бехчета
- Перекрестный (overlap) синдром
- Системная красная волчанка (педиатрия)
- Узелковый полиартериит у детей
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
- Нарушения менструального цикла
- Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне, салицилаттарға және басқа стероидты емес қабынуға қарсы заттарға аса жоғары сезімталдық, анамнезінде бронх түйілуі, бронх демікпесі, мұрын полипі, ринит, есекжем, ацетилсалицил қышқылымен және басқа стероидты емес қабынуға қарсы заттармен байланысты анафилактикалық шок немесе анафилактоидты реакциялар, асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішектен қан кету, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, аорто-коронарлы шунттаудан кейінгі жағдай, гиперкалиемия.
Қауіпсіздік шаралары
Гипертензия және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға препаратты сақтықпен тағайындайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Литий - қан плазмасында литий концентрациясының жоғарылауы. Антигипертензивті заттар - гипотензивті әсердің төмендеуі. Антикоагулянттар - антикоагулянттардың емдік әсерінің күшеюі, қан кету даму қаупі.Пробенецид - қан плазмасында напроксен концентрациясының жоғарылауы.Метотрексат - метотрексат уыттылығының күшеюі мүмкін.Циклоспорин - нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы.Мифепристон - мифепристон әсерінің әлсіреуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қабылдауға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қабылдауға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: іш қатулар, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, стоматит, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, қышыну, тері бөртпесі, қанталау, тершеңдік, пурпура, құлақтағы шуыл, естудің бұзылуы, көрудің бұзылуы, ісінулер, ентігу, жүрек қағысы.Жиі емес: асқазан-ішектен қан кету және/немесе асқазанның тесілуі, құсу (сонымен қатар қанды), мелена, бауыр ферменттерінің жоғарылауы, сарғаю, депрессия, ұйқының бұзылуы, жинақталудың мүмкін болмауы, ұйқысыздық, әлсіздік сезімі, бұлшықет ауыруы және бұлшықет әлсіздігі, алопеция, фотодерматит, естудің бұзылуы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақпен бірге немесе тамақтан кейін. 5 жастан асқан балаларға, ювенильді ревмотоидты артрит: 12 сағат аралықпен тәулігіне 10 мг/кг дозада екі рет қабылдау. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.