M01AC02 Теноксикам (Tenoxicam)

Қолдану көрсеткіштері

Ревматизмді аурулар және басқа да тірек-қимыл аппаратының ауруларындағы  ауыру сезімі және қабынуы.Клиникалық хаттама:   1. Діріл ауруы
    Клинические протоколы:
  1. Вибрационная болезнь

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Теноксикамға және басқа да стероидты емес қабынуға қарсы заттарға жоғары сезімталдық; эрозивті- ойық жаралы зақымданулар/ асқазан- ішек жолынан қан кету; жоспарланған наркоз және оперативтік араласулар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Симптомдарды шеттету үшін қажет ең тиімді төменгі дозаны қысқа уақыт аралығында пайдалану арқылы жағымсыз реакциялар азайтылуы мүмкін. Қан кету уақыты ұзаруы мүмкін, оны оперативтік араласулар кезінде ескеру керек. Асқазан- ішек жолынан қан кету, ойық жара немесе перфорация даму қаупі СЕҚҚП дозасын арттырғанда, сонымен қатар анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе қан кетулермен немесе перфорациямен асқынған, және егде жастағы адамдарда жоғарылайды.   Терілік бөртпелердің алғашқы белгілерінде, шырышты қабат бұзылыстарында немесе жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері пайда болғанда қабылдауды тоқтату керек.   СЕҚҚП жағымсыз реакциялардың пайда болу мүмкіндігін анықтау үшін егде жастағы пациенттерді бақылауға ерекше көңіл бөлу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да анальгетиктер (ЦОГ-2 таңдамалы тежегіштерін қоса) - жағымсыз әсерлер қаупінің жоғарылауы. Салицилаттар - теноксикам клиренсінің және таралу көлемінің артуы.  Антацидтер және H2 рецепторларының антагонистері - теноксикам абсорбция жылдамдығының төмендеуі.  Антикоагулянттар -  антикоагуляциялық әсерінің күшеюі.  Жүрек гликозидтері - гликозидтер концентрациясының жоғарылауы,  жүрек жеткіліксіздігінің асқыну қаупі. Циклоспорин - нефроуыттылық қаупінің артуы. Хинолондар - тырысулар даму қаупі.Маңызды!  Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметін бақылау қажет. Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметін бақылау қажет. Қан плазмасында альбумин концентрациясының айтарлықтай төмендеуінде немесе билирубиннің жоғары концентрацияларында сақтықпен қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айнуы мен құсу, диспепсия, іштің ауыруы, метеоризм, диареяны қоса, асқазан-ішек жолының бұзылыстары; операциядан кейінгі қан кетулер, жара инфекциясы, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, депрессия, жоғары қозғыштық; қышыну, есекжем, эритемалар, Стивенс-Джонсон және Лайелл синдромдары сияқты аллергиялық реакциялар; плазмада  креатинин, мочевина концентрацияларының жоғарылауы, «бауырлық» трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы; стоматит, көздің ісінуі және  тітіркенуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді