L04AA18 Эверолимус (Everolimus)

Қолдану көрсеткіштері

Микроэмульсия түріндегі циклоспориндермен және кортикостероидтармен біріктірілімде, төмен және орташа иммунологиялық қаупі бар ересек реципиенттердегі бүйрек және жүректің аллогенді трансплантатының ажырауының алдын алуда. Такролимус және кортикостероидтармен біріктірілімінде бауыр трансплантациясынан кейін пациенттерде трансплантат ажырауының алдын алуында.
    Клинические протоколы:
  1. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  2. Ведение детей с пересаженной почкой
  3. Криз отторжения почечного трансплантата
  4. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  5. Трансплантация почки
  6. Хроническая трансплантационная нефропатия

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Эверолимуске, сиролимуске немесе қосымша заттардың қандайда біріне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 индукторлары және күшті тежегіштері - қатарлас ем ұсынылмайды. Циклоспорин - эверолимус биожетімділігінің елеулі жоғарылауы. CYP3A4 индукторлары (мысалы, шәйқурай, құрысуға қарсы заттар, фенобарбитал, фенитоин, АИТВ-ға қарсы препараттар) - қандағы эверолимус концентрациясының төмендеуі және эверолимус метоболизмінің күшеюі. CYP3A4 және PgР орташа тежегіштері (мысалы, зеңге қарсы заттар, кальций өзекшелерінің блокаторлары, протеаза тежегіштері) - қандағы эверолимус деңгейінің жоғарылауы. Емдік индексі тар CYP3A4 және CYP2D6 субстраттары - сақтықпен қабылдау. Вакцинация - болдырмау керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметіне бақылау жүргізу. Ауырлығы жеңіл деңгейдегі бұзылыста қалыпты дозаны шамамен 2/3 дейін төмендету керек; ауырлығы орта және ауыр деңгейде дозаны шамамен қалыпты дозаның жартысына дейін төмендету керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Егер тек анасы үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін потенциалды қаупінен астам болмаса жүктілік кезінде препаратты тағайындауға болмайды. Репродуктивті жастағы әйелдерде препаратпен ем қабылдау кезінде және емді аяқтағаннан соң 8 апта ішінде контрацепцияның тиімділігі жоғары әдістерін қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: әртүрлі инфекциялар, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары және өкпе инфекциялары, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, анемия/эритропения, лейкопения, тромбоцитопения, гиперлипидемия, қант диабетінің дамуы, гипокалиемия, ұйқысыздық, мазасыздық, бас ауыруы, перикардиальді жалқық, гипертензия, көктамырлық тромбоэмболиялық асқынулар, плевралық жалқық, жөтел, ентігу, диарея, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, ауыру, қызба, шеткергі ісіну, жара жазылу үдерісінің асқынуы.Жиі: сепсис, жарақаттық инфекция, қатерлі немесе анықталмаған жаңа түзілімдер, терінің жаңа түзілімдері, қатерлі және анықталмаған, панцитопения, тромбоздық микроангиопатия, тахикардия, мұрыннан қан кету, лимфоцеле, бүйрек трансплантатының тромбозы, орофарингеальді ауыру, панкреатит, стоматит/ауыз қуысының ойық жарасы, акне, ангионевроздық ісіну, бөртпе, миалгия, артралгия, протеинурия, бүйрек өзекшелерінің некрозы, эректильді дисфункция, операциядан кейінгі жарық, бауыр ферменттері көрсеткіштерінің бұзылуы.Жиі емес: лимфомалар/трансплантациядан кейінгі лимфопролиферативті аурулар, еркектердегі гипогонадизм, интерстициальді өкпе ауруы, инфекциялық емес гепатит, сарғаю.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Препаратты тағайындаудың дұрыстығын растауда осы жастағы топқа, балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін препаратты қолдану туралы деректер жоқ. Балалар мен жасөспірімдерде бүйректі ауыстыру туралы ақпарат шектеулі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді