L03В Пэгинтерферон бета-1а (Peginterferon beta-1a)

Қолдану көрсеткіштері

Қайталанатын- ремиссиялы жайылған склерозда.
    Клинические протоколы:
  1. Рассеянный склероз

Қарсы көрсеткіштері

Табиғи немесе рекомбинантты интерферон бетаға, пегинтерферонға немесе препараттың қосымша затының кез келгеніне жоғары сезімталдық (соның ішінде, анамнездегі) ;ағымағы ауыр депрессия және/немесе суицидтік пиғылдар.

Қауіпсіздік шаралары

• Депрессиядан зардап шегіп жүрген пациенттер, емдеу кезінде қатаң қадағалауда болуы және сәйкесінше емдеуден өтуі тиіс.•  Бұрын құрысу ұстамаларынан зардап шеккен науқастарға және құрысуға қарсы сәйкесінше ем қабылдап жүрген адамдарға тағайындағанда, әсіресе, құрысу ондай емдеуден басылмаса, сақтық таныту қажет. • Анамнезінде жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы немесе аритмия сияқты, жүректің айқын аурулары бар пациенттерге, әсіресе,  препаратты қабылдаудың бастапқы сатысында, жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайына бақылау жасау қажет. • Жалпы қан талдауын жүргізу және лейкоциттердің жекелеген түрлерін (лейкограмма), тромбоциттер санын есептеуді және, бауырдың биохимиялық көрсеткіштерін қоса.• Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін,  препаратпен емделу кезеңінде   сақ болу керек.Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен толығырақ танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратын емдік ауқымы тар және клиренсі елеулі дәрежеде  бауырдың P450 цитохромы жүйесіне тәуелді дәрілік заттармен, мысалы, эпилепсияға қарсы дәрілердің кейбір кластарымен және антидепрессанттармен біріктіріп тағайындағанда сақтық таныту керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметін , әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары жоғары пациенттерге мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады. Нефроздық симптомдарды дер кезінде,  препаратын тоқтатумен болса да емдеу қажет. Препаратты бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ем кезінде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Бауыр зақымдануының симптомдары көрініс беретіндей жағдайда, пациенттер бақылауда болуы тиіс. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту және содан соң қатаң бақылау керек. Интерферондарды бауыр жеткіліксіздігіне байланысты тағайындалған  басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық танытуы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауруы; бұлшық ет ауруы; буындардың ауруы ; енгізу учаскесіндегі эритема; тұмауға ұқсас ауру, қалтырау, енгізу орнындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік, енгізу учаскелеріндегі қышу.Жиі: жүрек айнуы, құсу; алопеция (шаштың түсуі); қышу; жоғары температура, қатты қызба; ауру;енгізу жеріндегі ісіну, енгізу жеріндегі ысынуы, енгізу жеріндегі бөртпе, енгізу жеріндегі гематом , енгізген жердің домбығып ісуі , енгізген жердің түсінің өзгеруі , енгізген бөліктің қабынуы; дене қызуының жоғарылауы; аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; гамма-глутаминтрансфераза деңгейінің жоғарылауы; деңгейін төмендету; қанның ақ денешіктері санының азаюы; депрессия.Жиі емес: тромбоцитопения, тромботикалық тромбоцитопениялық пурпураны/ гемолитикалық уремиялық синдромды қоса алғанда, тромботикалық микроангиопатия; аса жоғары сезімталдық реакциялары; құрысулар; есекжем; жоғары температура, қатты қызба; тромбоциттер құрамының төмендеуі .Сирек: нефротикалық синдром, гломерулосклероз; инъекция жеріндегі некроз.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.