L03AX15 Мифамуртид (Mifamurtide)

Қолдану көрсеткіштері

Балаларда, жасөспірімдерде және жас адамдарда макроскопиялық хирургиялық толық резекциядан кейін жоғары дифференцияланған метастаздық емес операбельді остеосаркоманы емдеу үшін көрсетілген.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне асқын сезімталдық; циклоспорин немесе кальциневриннің басқа тежегіштерімен бірге қолдану; стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (СЕҚҚП, циклооксигеназа тежегіштері) жоғары дозаларымен бірге қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Респираторлы дистресс, нейтропения, қабыну реакциялары, жүрек-қантамыр бұзылыстары, аллергиялық реакциялары, асқазан-ішектік уыттылығы бар пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Мифамуртидті және доксорубицинді немесе басқа да липофильді дәрілік заттарды, егер олар химиотерапияның бір курсында пайдаланылса, қабылдау уақытын бөлу ұсынылады.Циклоспорин немесе кальциневриннің басқа да тежегіштері - көкбауыр макрофагтарының қызметіне және мононуклеарлы фагоцитарлы қызметтеріне гипотетикалық ықпал ететіндіктен қарсы көрсетілген.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: анорексия, бас ауыруы, бас айналуы, тахикардия, гипертония, гипотония, ентігу, тахипноэ, жөтел, құсу, диарея, іш қатуы, іштің ауыруы, жүректің айнуы, гипергидроз (жоғары тершеңдік), миалгия, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, қызба, қалтырау, әлсіздік, гипотермия, ауыру, астения, кеуде қуысының ауыруы, қан және лимфатикалық жүйе тарапынан бұзылыстар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Балаларда қолданылуы

2 жастан асқан балалар. Көктамырішілік инфузия. Ұсынылатын дозасы дене беткейінің ауданына шаққанда 2 мг/м2 құрайды, алғашқы 12 апта ішінде аптасына екі рет (енгізу арасындағы аралық, ең кемінде, үш күн), содан кейін - тағы 24 апта бойы аптасына бір рет, жалпы барлығы 36 аптада 48 инфузия. 2 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.