L03AX13 Глатирамер ацетаты¹ (Glatiramer acetate)

Қолдану көрсеткіштері

Ремиттирлейтін ағымдағы жайылған склерозда өршудің жиілігін азайту, мүгедек ететін асқынулардың дамуын баяулату үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
  2. Рассеянный склероз

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Глатирамер ацетатына немесе маннитолға жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Пациентті инъекциядан кейін бірнеше минут аралығында гиперемия, кеуденің ауыруы, диспноэ (ентігу), тахикардия туындайтындығы туралы алдын ала ескерту керек. Аллергиялық реакцияларға бейім науқастарға сақтықпен тағайындау. Жүрек қызметі асқынуларының даму мүмкіндігі бар.Ішінде ерімеген бөлшектері бар препараттың дайындалған ерітіндісі пайдалануға жарамсыз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кортикостероидтар - жергілікті реакциялардың байқалу жиілігі артады. Басқа дәрілік заттар- өзара әрекеттесулері жеткіліксіз зерттелген, бақылау қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметіне мониторинг жүргізу қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Препаратты қолдану кезеңінде контрацептивтік заттар қолдану қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда сәби үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Ана сүтіне енуі туралы деректер жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар: өте жиі қызару, ауыру және ісіну, қышыну, қабыну,  аллергия; сирек тері немесе теріасты шелмайының атрофиясы, абсцесс, гематома.Жүйелік реакциялар: қан құйылулар, кеуденің ауыруы, жүрек қағуының жиілеуі, үрей жағдайы, ентігу, жұтудың қиындауы, есекжем.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға: 20 мг т/а, күннің белгілі бір уақытында енгізу. Қолдану тәжірибесі шектелген!12 жасқа дейінгі балаларға қолдану зерттелмеген, ҚОЛДАНБАУ!

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді