L03AX03 Қуық ісігінің иммунотерапиясына арналған БЦЖ вакцинасы¹

Қолдану көрсеткіштері

Қуықтың инвазиялық емес уротелиальді in situ (CIS) карциномасын емдеу. T a, T 1, CIS уротелиальді карциномасының қайталануын алдын алу.Клиникалық хаттама:   1. Қуық обыры   2. Иммунитеті төмен науқастарға вакцинация профилактикасы
    Клинические протоколы:
  1. Рак мочевого пузыря
  2. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне асқын сезімталдық; несеп шығару жолдарының жедел инфекцияларында; туберкулездің белсенді түрінде, туа біткен иммунитет тапшылығы немесе қатар жүретін аурулар салдарынан болған иммунитет тапшылығы жағдайы; онкологиялық ауруларды емдеу немесе иммуносупрессивті терапия; анамнезіндегі қуықтың сәулелік терапиясы; қуықтың тесілуі; трансуретральді резекциядан (ТУР), қуық биопсиясынан немесе жарақаттық  катетеризациядан кейін 2-3 апта ішінде.

Қауіпсіздік шаралары

Тері астына, тері ішіне, бұлшықетішілік немесе көктамырішілік енгізу үшін немесе вакцинация үшін пайдаланылмауы тиіс! БЦЖ вакцинасын қуық ішіне әрбір енгізілуін бастағанға дейін несеп шығару жолдары инфекцияларының жоқтығы анықталуы тиіс. Препаратты енгізген кездегі жарақаттық катетеризация сепсистік шок және өліммен аяқталу  ықтималдығы бар БЦЖ-септицемиясына түрткі болуы мүмкін. Емдеуге дейін туберкулинге реактивтілікті анықтау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер (фторхинолондар, доксициклин, гентамицин) - бір мезгілде ҚОЛДАНБАУ! Гипотониялық және гипертониялық ерітінділер - ҮЙЛЕСІМСІЗ!

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Емдеу кезінде және БЦЖ-терапиясынан кейін бір апта аралығында сенімді контрацепция тәсілдерін қолдану.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: цистит және қуықтағы қабынбалы реакциялар, қызба <38,5 °C, тұмауға ұқсас симптомдар, әлсіздік, қызба, қалтырау, жалпы жайсыздық, жүрек айнуы, жайсыздықпен және ауырсынумен жиі несеп шығару, симптомсыз гранулематозды простатит.Жиі: бас ауыруы, ұйқысыздық, жөтел, мұрын симптомдары.Жиі емес: несеп шығару жолдарының инфекциялары, орхит, ауыр жүйелі БЦЖ- реакциясы/инфекция, БЦЖ-сепсис, милиарлы пневмонит, тері абсцесі, Рейтер синдромы, макроскопиялық гематурия, қуық ретракциясы, несеп жолдарының обструкциясы, қуық контрактурасы, эпидидимит, симптоматикалық гранулематозды простатит, гипотония.Сирек: қантамырлық инфекциялар, бүйректік абсцесс.Өте сирек: имплантаттар және қоршаған тіндердің БЦЖ-инфекциясы, цервикальді лимфаденит, лимфалық түйіндердің регионарлы инфекциясы, остеомиелит, сүйек кемігінің инфекциясы, бел абсцесі; жыныс мүшесі басының туберкулезге қарсы терапиясына тұрақты инфекциялары, орхит немесе эпидидимит; жоғары сезімталдық реакциялары, хориоретинит, конъюнктивит, увеит, тамырлық жыланкөз, перитонит.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.