L03AC01 Алдеслейкин (Аldesleukin)

Қолдану көрсеткіштері

Бүйрек жасушалы обыр.

Қарсы көрсеткіштері

Алдеслейкинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; ашытқыларға аллергия, аутоиммунды аурулар, ІІІ сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі, ІІІ сатыдағы өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, бас миының метастаздық зақымдануы, бүйрек жасушалы обырдың терминалды сатысы.

Қауіпсіздік шаралары

Ерітіндінің жалпы көлемінің инфузиясы 4-6 сағат ішінде тамшылатып жүзеге асырылады. Препаратты жылдам көктамыр ішіне енгізу жүрек-қантамырлары жеткіліксіздігінің құбылыстарымен жүруі мүмкін. Айқын полиағзалық жеткіліксіздік жағдайында алдеслейкинді қабылдағанға дейін гемодиализ немесе гемосорбция курсын жүргізу ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен араластыруға тыйым салынған.Кортикостероидтар, оксимочевина, азатиоприн, дезоксиаденозин - алдеслейкин белсенділігінің төмендеуі.Простагландиндер - алдеслейкин әсерінің ықпалануы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Жедел және декомпенсацияланған созылмалы жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Әлсіздік, қалтырау, шаршағыштық, бас ауыруы, дене температурасының 37,5-39,0°С дейін жоғарылауы.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Бүйрек жасушалы карциномасы бар ересектерге арналған әдеттегі доза:

0,037 мг/кг (600,000 ХБ/кг) Әр 8 сағат сайын 15 минуттық көктамырішілік инфузия арқылы максимум 14 доза; схема 9 күндік демалыстан кейін тағы 14 доза үшін қайталанады.

Максималды доза: төзімділікке байланысты бір курсқа 28 доза

Балаларда қолданылуы

Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.