L02BX03 Абиратерон¹ (Abiraterone)

Қолдану көрсеткіштері

Преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімінде:Андрогендерге қарсы сәтсіз терапиядан кейін симптомдары жоқ немесе жеңіл симптоматикасы бар, клиникалық тұрғыдан химиотерапия уақытша көрсетілмеген пациенттердің метастатикалық кастрациялық-резистентті қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеу. Доцетаксел негізінде химиотерапия қолдану кезінде немесе одан кейін үдейтін метастатикалық кастрациялық-резистентті қуық асты безінің қатерлі ісігі бар науқастарды емдеу.        Клиникалық хаттама:   1. Қуықасты безінің обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Гипертензия, гипокалиемия және сұйықтықтың ұсталуын шақырады. Преднизон немесе преднизолонмен емдеуді доғарған кезде сақ болу қажет және бүйрек үсті безі қыртысы функциялары жеткіліксіздігінің белгілерін бақылау керек. Сүйек тығыздығының  төмендеу эффектісін күшейтеді, атап айтқанда ерлердегі қуық асты безінің метастатикалық қатерлі ісігінің соңғы сатысында. Бұрын кетоконазол қабылдағандарда клиникалық жауабы ең төмен. Гипергликемияны күшейтеді, қант диабеті бар науқастарда қандағы глюкоза деңгейін жиі өлшеу қажет. Цитоуытты химиотерапиямен бірге қолдануда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Құрамында лактозасы бар, галактозаны көтере алмайтын, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактозаның мальабсорбция синдромы бар науқастарға қолдануға болмайды. Ерлерде метастатикалық кастрацияға резистентті қуық асты безінің ісігінде (препаратпен емделіп жүргендерді қоса алғанда) анемия және жыныстық дисфункция дамуы мүмкін. Миопатия және рабдомиолиз даму қаупі. CYP3A4 күшті индукторларын қолдануды болдырмау. Жыныстық қатынас жоспарланса, презервативті пайдалану керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 изоферментінің индукторлары (фенитоин, карбамазепин, рифампицин, рифабутин, рифапентин, фенобарбитал, шайқурай)-  қан плазмасында абиратерон қонцентрациясын 55% төмендетеді. Терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар CYP2D6 ферментінің тежегіштерін (метопролол, пропранолол, дезипрамин, венлафаксин, галоперидол, рисперидон, пропафенон, флекаинид, кодеин, оксикодон, трамадол) - сақтықпен қолдану керек, берілген дәрілік заттардың дозасын төмендету қажет.CYP2C8 ферментінің тежегіштері (фенофибрат) - терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар дәрілік заттардың уытты әсеріне байланысты бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Гепатотоуытты. Егер емдеудің пайдасы қауіптен жоғары болса, онда бауыр қызметінің орташа бұзылыстары бар науқастарда сақтықпен қолдану керек, ал ауыр бұзылыстарында - қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: диарея, диспепсия, артериалдық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, стенокардия, аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, тахикардия, зәр шығару жолдарының инфекциялары, сепсис, сынықтар, гипокалиемия, гипертриглицеридемия, трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, перифериялық ісінулер, бөртпе, сирек аллергиялық альвеолит.Сирек: бүйрекүсті бездері функциясының жеткіліксіздігі, миопатия, рабдомиолиз.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданудың тәжірибесі жоқ.