L02BA03 Фулвестрант¹ (Fulvestrant)

Қолдану көрсеткіштері

Эстрогендерге қарсы қабылдап жатқан терапия кезінде немесе эстрогендерге қарсы адъювантты терапияда аурудың үдеуі немесе аурудың қайталануы байқалған постменопауза кезеңіндегі әйелдерде жергілікті-таралған немесе метастатикалық эстроген-оң сүт безі ісігі.Клиникалық хаттама:   1. Сүт безі обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Фулвестрантқа немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың құрамында этил спиртінің болуына байланысты, фулвестрантты алкоголизмнен зардап шегетін, эпилепсиясы, сондай-ақ бауыр ауруы бар пациенттерге қарсы көрсетілген. Препараттың қолдану әдісін ескере отырып, геморрагиялық диатез, тромбоцитопения немесе антикоагулянттарды қабылдайтын науқастарда сақ болған жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, астения, инъекция орнындағы реакциялар (гематома, транзиторлы ауырсынулар, қабыну реакциялары), бауырлық энзимдер белсенділігінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза);Жиі: бас ауруы, құсу, билирубин деңгейінің жоғарылауы, диарея, анорексия, несеп шығару жолдарының инфекциялары, бөртпе, көктамырлық тромбоэмболия, ыстық сезіну («құйылулар»), жоғары сезімталдық реакциялары, белдің ауыруы;Жиі емес: бауыр жетіспеушілігі, гепатит, глутамилтранспептидаза деңгейінің жоғарылауы;Сирек: қынаптық кандидоз, қынаптық қан кету, ақ түсті етеккір, ісіну, есекжем, галакторея.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген (берілген топ пациенттерінде қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді