L02AE04 Трипторелин (Triptorelin)

Қолдану көрсеткіштері

Қуық асты безінің обыры: қуық асты безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обырын емдеу, әулелік терапиямен бірге жоғары қауіпті қуық асты безінің локализацияланған немесе жергілікті таралған обырды емдеу; генитальді және экстрагенитальді эндометриоз (I - IV кезеңдер); пременопаузадағы әйелдерде сүт безінің обыры; орталық генездік мезгілінен бұрын жыныстық жетілуде (8 жасқа дейінгі қыздарда және 10 жасқа дейінгі ұлдарда басталады)

    Клинические протоколы:
  1. Преждевременное половое развитие
  2. Дисфункция яичников
  3. Нарушения менструального цикла
  4. Синдром предменструального напряжения
  5. Рак предстательной железы
  6. Генитальный эндометриоз

Қарсы көрсеткіштері

Трипторелинге немесе гонадотропин-рилизинг гормонының басқа аналогтарына жоғары сезімталдық; жүктілік және лактация кезеңі

Қауіпсіздік шаралары

Сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеуіне алып келеді. Остеопороз дамуының қосымша қауіп факторлары бар науқастарда сақтықпен қолдану (мысалы, созылмалы алкоголизм, шылым шегу, тырысуға қарсы немесе кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу, отбасылық анамнезінде остеопороз болуы, тамақты тойып жемеу). Антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде инъекция орнында гематомалар пайда болуы мүмкін. Қолдану кезінде QT интервалының ұзаруы мүмкін..

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

AI немесе АIII класс аритмияға қарсы препараттары – QT интервалының ұзаруы.

QT интервалын ұзартатын препараттар (антипсихотиктер, антидепрессанттар, гистаминге қарсы және т.б.) – ауыр асқынуларға дейін QT интервалының ұзаруы.

Гипофизбен гонадотропиндер секрециясына әсер ететін препараттар – сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Осы немесе басқа да жанама әсерлердің жиілігі жынысына байланысты.Ерлерде: аяқтардың парестезиясы, қызба, гипергидроз, бел ауыруы, астения, депрессия, көңіл- күйдің жиі өзгеруі, бас айналуы, бас ауыруы.Әйелдерде: бас ауыруы, либидо төмендеуі, ұйқының бұзылуы, көңіл- күйдің өзгеруі, диспареуния, дисменорея, қынаптан қан кету, аналық бездер гиперстистимуляциясы синдромы, аналық бездер гипертрофиясы, жамбас ауыруы, іштің ауыруы, вульвовагинальді құрғақтық, гипергидроз, құйылулар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Трипторелин 11,25 мг әр 3 ай сайын, ұзақ уақыт бойы енгізіледі.

Балаларда қолданылуы

Мезгілінен бұрын жыныстық жетілу (қыз балаларда 8 жасқа дейін және ұлдарда 10 жасқа дейін). Жалған мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді (ісік немесе гонадотропин немесе бүйрек үсті безінің гипертрофиясы) және гонадотропин-тәуелсіз жыныстық жетілуді (тестотоксикоз, Лейдиг жасушаларының отбасылық гиперплазиясы) қоспағанда.Препаратты тек бұлшықетке енгізу керек! 3,75 мг концентрациясы үшін.Дене салмағы 20 кг төмен балалар: дозаның (1/2) жартысы, әр 4 аптада (28 күн), яғни қалпына келген суспензия көлемінің жартысын енгізу.Дене салмағы 20 кг- нан 30 кг- ға дейінгі балалар: дозаның үштен екі бөлігі (2/3) бұлшықетке, әр 4 аптада (28 күн), яғни қалпына келген суспензия көлемінің үштен екі бөлігін енгізу. Дене салмағы 30 кг жоғары балалар: бір доза бұлшықетке, әр 4 аптада (28 күн), яғни қалпына келген суспензияның барлық көлемін енгізу.