L02AE03 Гозерелин (Goserelin)
Қолдану көрсеткіштері
Қуық асты безінің метастаздық обырында; қуық асты безінің жергілікті таралған обырында, хирургиялық кастрация баламасы ретінде; шоғырланған немесе жергілікті таралған қаупі жоғары қуық асты безінің обыры бар пациенттер үшін сәулелі еммен адьювантты емдеу ретінде; сәулемен емдеу алдында неоадьювантты ем ретінде қаупі жоғары қуық асты безінің шоғырланған немесе жергілікті таралған обыры бар пациенттер үшін; радикалды простатэктомиядан кейін адьювантты ем ретінде аурудың үдеу қаупі жоғары, жергілікті таралған қуық асты безінің обыры бар пациенттер үшін; гормонды әсерге сезімтал, пре- және перименопауза кезіндегі әйелдерде кең таралған сүт безі обыры; пре- және перименопауза кезіндегі әйелдерде емдеу стандарттарындағы химиотерапияға балама ретінде бастапқы сатыдағы эстроген - позитивті сүт безі обыры; эндометриоз; жатыр фибромиомасы; эндометрияға жоспарланған операция жасау кезінде эндометрияны жұқарту үшін; экстракорпоралдық ұрықтандыру
-
Клинические протоколы:
- Рак предстательной железы
- Злокачественные неоплазии тела матки
Қарсы көрсеткіштері
Гозерелинге немесе басқа ГнРГ аналогтарына, препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық; жүктілік және лактация; балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қауіпсіздік шаралары
Кенеттен депрессия туындауының жоғары қаупі анықталған. Несепағар обструкциясы немесе жұлын компрессиясы дамуының ерекше қауіп тобына кіретін пациенттерде препаратты қолдану қажеттілігін таразылау керек. Созылмалы алкогольдік тәуелділік, шылым шегу, антиконвульсанттармен немесе кортикостероидтармен ұзақ мерзімдік ем, отбасылық анамнездегі остеопороз сияқты остеопороз дамуы қаупінің қосымша факторлары бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Белгілі депрессиясы бар пациенттерде және артериялық гипертензиясы бар пациенттерде мұқият мониторинг жүргізу керек. Глюкозаға төзімділігі төмендеуі мүмкін, қандағы глюкоза деңгейіне бақылау жүргізу қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
QT интервалын ұзартатын заттар (IA немесе III класс аритмияға қарсы заттар, метадон, моксифлоксацин, антипсихотикалық препараттар және т.б.) - QT интервалының ұзаруы немесе екі бағытты тахикардия туындату қабілеті.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: либидо төмендеуі, жоғары тершеңдік, эректильді дисфункция.Жиі: глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, көңіл- күйдің өзгеруі, депрессия, парестезиялар, жұлын компрессиясы, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, алопеция, артралгия, сүйектердің ауыруы, гинекомастия, препарат енгізген жердегі реакциялар, сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеуі, дене салмағының артуы.Жиі емес: дәрілік асқын сезімталдық реакциялары.Сирек: анафилактикалық реакция.Өте сирек: гипофиз ісігі, гипофизге қан құйылу, психоздық бұзылыстар.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Препарат имплантат 3.6 мг әр 28 күн сайын алдыңғы құрсақ қабырғасына тері астына енгізіледі.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, себебі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.