L01XE11 Пазопаниб¹ (Pazopanib)

Қолдану көрсеткіштері

Таралған бүйрек-жасушалы обыры бар ересек пациенттерді бірінші желідегі препарат ретінде және аурудың үдеуі салдарынан алдын ала цитокиндермен емделген пациенттерді емдеу. (Нео)адъювантты емнен кейін 12 ай ішінде аурудың үдеуі байқалған ересек пациенттерде немесе жұмсақ тіндердің метастатикалық саркомасы бойынша алдын ала стандартты химиотерапия алған ересек пациенттерде тиісті тип тармағы бар жұмсақ тіндердің таралған саркомасын емдеу. Тиімділігі мен қауіпсіздігі жұмсақ тіндер саркомасының тек жеке гистологиялық тип тармақтары үшін анықталған.
    Клинические протоколы:
  1. Саркомы мягких тканей
  2. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

Пазопанибке немесе препарат құрамындағы кез келген басқа компонентке жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге пазопанибті сақтықпен тағайындау және препаратты тағайындау алдында және кейін емнің 3, 5, 7, және 9-шы апталарында препаратты қабылдаудан бастап келесі 3 және 4 айларда, сонымен қатар, клиникалық көрсеткіштері бойынша «бауыр» ферменттерінің белсенділігіне мұқият мониторинг жүргізу қажет. Жүйелі мониторингті жүргізілген емнің басталуынан алғашқы 4 ай өткеннен кейін де жалғастырған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 изоферменті тежегіштері, P-gp және BCRP тежегіштері (мысалы, итраконазол, кларитромицин, атазанавир, ритонавир, вориконазол, лапатиниб, грейпфрут шырыны) - пазопанибтің плазмалық концентрациясының жоғарылауы.CYP3A4 изоферменті, P-gp және BCRP индукторлары (мысалы, рифампицин және т.б) - пазопанибтің плазмалық концентрациясының төмендеуі.Симвастатин - АЛТ деңгейінің жоғарылауы.Асқазан сөлінің рН жоғарылататын заттар (мысалы, эзомепразол) - пазопаниб биожетімділігінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 30 мл/мин және одан жоғары болғанда дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл дәрежеде ұсынылатын доза 800 мг, орта - 200 мг, ауыр дәрежесінде - қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, құсу, диарея, іш аймағының ауыруы, гиперальбуминемия.Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, сылбырлық, парестезиялар, дисфония, ауыздың құрғауы, бөртпе, алопеция, кірпік түсінің өзгеруі.Жиі емес: тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, лимфоцитопения, қан сарысуында трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы.Сирек: панкреатит, аш ішектің жоғары жиырылғыштығы, асқазан-ішек жолдарының тесілуі, асқазан-ішек жыланкөзінің түзілуі, сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, гепатит, ангионевротикалық ісіну.Өте сирек: шеткергі нейропатия (немесе парестезия).Маңызды! Мұнда жанама реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.