A10BB09 Гликлазид¹ (Gliclazide)

Қолдану көрсеткіштері

Диетаны ұстану, артық дене салмағының төмендеуі және дене жүктемесі қандағы глюкоза деңгейін қанағаттанарлық бақылауға әкелмеген жағдайдағы ересектерде 2-ші типті қант диабеті.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Гликлазидке немесе препараттың қосымша компоненттерінің біріне, сонымен қатар сульфонилмочевина немесе сульфамидтер тобының басқа да препараттарына жоғары сезімталдық, 1-ші типті қант диабеті, диабеттік кетоацидоз, прекоматоздық жағдай және диабеттік кома, миконазолмен терапия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Гипогликемия, науқас тұрақты тамақтану жағдайында ғана тағайындаған жөн (таңғы асты қоса). Төмен калориялы диетада, ұзақ немесе шамадан тыс жаттығудан, алкоголь ішкеннен немесе бірнеше гипогликемиялық препараттар біріктірілімін қабылдаған кезде гипогликемияның даму қаупі артады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Cульфонилмочевинаның өзара әрекеттесуі:ААФ тежегіштері, хлорамфеникол, варфарин (және басқа да кумариндер), флуконазол, миконазол, СЕҚҚП – гипогликемиялық әсері күшеюі мүмкін; кумариндердің антикоагулянттық әсері күшеюі мүмкін;Рифампицин - сульфонилмочевина метаболизмі күшеюі мүмкін.Диабетке қарсы дәрілік заттардың жалпы өзара әрекеттесуі: Алкоголь, анаболикалық стероидтар, холестирамин, MAO тежегіштері - гипогликемиялық әсерді арттыруы мүмкін;Антипсихотикалық заттар – гипергликемияның дамуы мүмкін;Антидепрессанттар (серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері) - гипогликемия дамуы мүмкін;Бета-блокаторлар - гипогликемияның ескерту белгілері (мысалы, тремор) бета-блокаторлармен жасырылуы мүмкін;Кортикостероидтар, диуретиктер, изониазид, аспарагиназа және қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын басқа да препараттар - гипогликемия әсерлері төмендейді.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа бүйрек қызметі бұзылыстарында препаратты әдеттегі дозаларда тағайындайды, ауыр жағдайларда қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Гипогликемия, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы, бауырлық ферменттер деңгейінің қайтымды жоғарылауы, гепатит, гипонатриемия, терілік бөртпе, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, эритема, макуло-папулезді бөртпе, буллездік реакциялар, анемия, лейкопения, тромбоцитопения, гранулоцитопения, панцитопения, көрудің қайтымды бұзылыстары.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді