L01XC13 Пертузумаб (Pertuzumab)

Қолдану көрсеткіштері

Трастузумаб және доцетакселмен біріктірілімде:Бұрын анти-HER2 ем алмаған пациенттерде ісіктік HER2 гиперэкспрессия бар сүт безінің жергілікті қайталанатын операция жасалмайтын немесе метастаздық обырын емдеу. Қайталану қаупі жоғары ерте сатыдағы сүт безі обырының немесе сүт безінің HER2-оң жергілікті-таралған (қабынған түрін қоса) обырының неоадъювантты емі.Клиникалық хаттама:   1. Сүт безі обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Пертузумабке және/немесе препараттың қосымша ингредиенттеріне аса жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Фебрильді нейтропенияның даму жиілігі жоғарылау. Айқын диарея туындатуы мүмкін. Егер сол жақ қарынша лықсу фракциясының (СЖҚЛФ) 40% төмен деңгейге дейін төмендеуі және егер емдеуге дейін байқалған көрсеткіштен ≥ 10 % төмен 40-45% мәндегі СЖҚЛФ үйлесімдігі байқалса, онда іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің дамуын көрсететін симптомдар және белгілер пайда болған кезде емдеудің 3-ші аптасында тоқтату. Ауыр инфузиондық реакциялар және аса жоғары сезімталдықтың дамуы кезінде емдеуді тоқтату. Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен араластырмау! 5% глюкоза ерітіндісі - үйлесімсіз, бірге қолдану қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежесінде ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге емдеу уақытында және ем аяқталғаннан кейін 6 айдан астам уақытта контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген. Емдеу қажет болғанда бала емізуді тоқтату.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: алопеция, тері бөртпесі, тырнақ пластинкаларының зақымдануы, шеткергі ісінулер, анемия, лейкопения, фебрильді нейтропения, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, назофарингит, диарея, жүрек айнуы, құсу, стоматит, іш қатулар, тәбеттің төмендеуі, шаршағыштық, астения, дене температурасының жоғарылауы, миалгия, артралгия, бас ауыруы, дәм сезудің бұзылуы, шеткергі нейропатия, ұйқысыздық.Жиі: тері бөртпесі, терінің құрғауы, паронихия, ентігу, плевральді жалқық, бас айналуы, шеткергі сенсорлы нейропатия, сол жақ қарынша дисфункциясы, аса жоғары сезімталдық реакциялары, көз жасы бөлінуінің артуы.Жиі емес: өкпенің интерстициальді ауруы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді