L01XC10 Офатумумаб (Ofatumumab)

Қолдану көрсеткіштері

Хлорамбуцил немесе бендамустинмен біріктірілімінде, алдын ала ем алмаған және флударабин негізіндегі емге сай келмейтін созылмалы лимфоцитарлық лейкозды емдеу.Флударабин және/немесе алемтузумаб қамтылған емге бағынбайтын созылмалы лимфоцитарлық лейкоз.Клиникалық хаттама:   1. Созылмалы лимфолейкоз/кіші лимфоциттерден лимфома
    Клинические протоколы:
  1. Хронический лимфолейкоз/лимфома из малых лимфоцитов

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Кез келген препарат компонентіне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Анафилактоидтық реакциялардың даму мүмкіндігінің зор екеніне байланысты, осындай жағдайларда жедел жәрдем көрсетуге қажетті аппаратура мен дәрі-дәрмектердің шұғыл қолжетімді болу шартымен препаратпен инфузияны жүргізуге болады. Анамнезінде В гепатиті, өкпе қызметінің бұзылысы мен жүрек аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Көру мүшелері тарапынан жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда және/немесе жоғары зейін қою мен реакциялар жылдамдығына қабілеттілігі төмендеген пациенттерге автокөлік басқару немесе күрделі құрылғылармен жұмыс жасау препараттың көрсетілген жағымсыз реакциялары кеткенше ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тірі аттенуирленген және инактивтелген вакциналар - офатумумабпен бірге қолданғанда вакциналар тиімділігінің төмендеуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді. Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: нейтропения, анемия, бөртпе, жүрек айнуы, қызба, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, пневмонияны қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары.Жиі: фебрильді нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, аса жоғары сезімталдық реакциялары мен анафилактоидтық реакциялар, тахикардия, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, көмей- жұтқыншақ аумағындағы ауырсыну, ентігу, жөтел, бронх түйілуі, кеуде қуысы аймағындағы жайсыздық, мұрынның бітелуі, гипоксия, ішектің жіңішке бөлігінің бітелуі, диарея, қышыну, есекжем, «қан құйылулар», шаршағыштық, қалтырау, діріл, тұмау симптомдары, гипергидроз, цитокиндердің лықсу синдромы, гипертермия, арқаның ауыруы, сепсис, нейтропениялық сепсисті қоса; сепсистік шок, Herpes zoster инфекциясы, несеп шығару жолдарының инфекциялары.Сирек: В гепатиті инфекциясы және реактивациясы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді