L01XA02 Карбоплатин (Carboplatin)
Қолдану көрсеткіштері
Бекітілген басқа да химиялық емдеу препараттарымен белгілі біріктірілімде аналық без обырының кеш сатыларының бастапқы емі үшін. Белгіленген бір режимі карбоплатин мен циклофосфамидтің біріктірілімінен тұрады. Химиялық емдеуден кейін аналық без обыры қайталанған науқастарды, соның ішінде бұрын цисплатин қабылдаған емделушілерді паллиативті емдеу үшін аналық без обырының кеш сатыларын екінші қайтара емдеуде.
-
Клинические протоколы:
- Рак легкого
- Рак молочной железы
- Рак шейки матки
- Аутологичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Герминогенноклеточные опухоли у детей
- Злокачественное новообразование яичника, фаллопиевой трубы и первичная перитонеальная карцинома
- Злокачественное новообразование яичка
- Рак мочевого пузыря
- Меланома кожи
- Нейробластома у детей
- Саркома мягких тканей у детей (рабдомиосаркома и нерабдомиосаркома)
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Рак предстательной железы
- Рак желудка
- Рак пищевода
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Опухоли средостения
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Рак губы
- Рак легкого
- Максимальная циторедуктивная операция и гипертермическая интраперитонеальная химиотерапия (HIPEC) при перитонеальном карциноматозе
- Рак поджелудочной железы
Қарсы көрсеткіштері
Карбоплатинге немесе құрамында платина бар басқа қосылыстарға жоғары сезімталдық, айқын миелосупрессия, көп қан кетулер.
Қауіпсіздік шаралары
Табиғаты вирустық, зеңдік немесе бактериялық жедел инфекциялық ауруларда (соның ішінде желшешекте, белдеулі теміреткіде), есту нашарлағанда, асцитте немесе экссудативті плевритте; сүйек кемігінде қанның түзілуі төмендегенде (соның ішінде сәуле - немесе химиялық емдеу қатар жүргізілгенде) сақтықпен тағайындайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа миелосупрессивті препараттармен немесе сәулелік ем - гематологиялық уыттылықтың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Аминогликозидтермен, сондай - ақ нефроуытты препараттармен- нефроуытты және/немесе отоуытты әсерлердің пайда болу қаупін арттырады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің айқын бұзылыстарында (КК минутына 15 мл төмен) қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Сүйек кемігі қантүзілім қызметінің бұзылысы (тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, анемия), жүректің айнуы, құсу, стоматит, диарея немесе іш қатулар, абдоминальді ауырулар, тәбеттің нашарлауы, астения, шеткергі полинейропатия (парестезия, терең сіңір рефлекстерінің төмендеуі), цереброваскулярлы бұзылулар, көру өткірлігінің (көрудің толық жоғалуына немесе түрлі түсті айыру қабілетінің жоғалуы) және естудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы, отоуыттылық, дәмнің өзгеруі, қан сарысуында креатинин және мочевина концентрациясының жоғарылауы, инфекциялар, қан кету, гематурия, орталық нейроуыттылық, ауыру, азооспермия, аменорея, гипокалиемия, гипокальциемия, гипонатриемия және гипомагниемия, эритематозды бөртпе, қызба, қышыну, есекжем, бөртпе, бронхт түйілуі, артериялық гипотензия, анафилактоидтық реакциялар, гемолитикалық - уремиялық синдром, нефроуыттылық, тұмауға ұқсас симптомдар (температураның жоғарылауы, қызба), миалгия, артралгия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, эмболия, инсульт (соның ішінде өліммен аяқталатын), алопеция.Сирек: эксфолиативті дерматит, сусыздану, әлсіздік, анорексия, артериялық гипертензия, мукозит, инъекция жасалған жерде реакциялар: қызару, ісіну, ауыру, экстравазациямен байланысты некроз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.