L01XA01 Цисплатин¹ (Cisplatin)

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді химиотерапия құрамында: әйелдер мен ерлердегі герминогенді ісіктер, аталық және аналық бездердің обыры, өкпенің ұсақ жасушалы және ұсақ жасушалы емес обыры, бас және мойынның жалпақ жасушалы обыры, қуық обыры. Бұдан басқа, ісіктердің мынадай түрлерінде цисплатиннің ісікке қарсы белсенділігі бар: жатыр мойны обыры, остеосаркома, меланома, нейробластома, өңеш обыры, асқазан обыры.
    Клинические протоколы:
  1. Множественная миелома и злокачественные плазмоклеточные новообразования
  2. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  3. Рак желудка
  4. Рак пищевода
  5. Рак мочевого пузыря
  6. Рак предстательной железы
  7. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  8. Рак поджелудочной железы
  9. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  10. Злокачественные новообразования слюнных желез
  11. Рак вульвы
  12. Злокачественные новообразования гортани
  13. Злокачественные новообразования носоглотки
  14. Злокачественные новообразования полости рта
  15. Опухоли средостения
  16. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  17. Злокачественные неоплазии тела матки
  18. Пограничные и злокачественные опухоли кости
  19. Рак губы
  20. Рак кожи
  21. Рак легкого
  22. Почечно-клеточный рак
  23. Максимальная циторедуктивная операция и гипертермическая интраперитонеальная химиотерапия (HIPEC) при перитонеальном карциноматозе

Қарсы көрсеткіштері

Цисплатинді немесе құрамында платина бар басқа да қосылыстарды немесе препараттың кез келген ингредиентін жеке көтере алмаушылық, миелосупрессия, есту бұзылысы, сусыздану жағдайында (ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне жол бермеу үшін сұйықтық жоғалтудың алдыңғы және кейінгі толықтырылуы), цисплатинмен туындаған нейропатия, сары қызбаға қарсы вакцинамен және алдын алу еміне пайдаланылатын фенитоинмен біріктірілімде.

Қауіпсіздік шаралары

Цисплатинмен емдеу аясында науқастар мезгілімен неврологқа қаралуы тиіс. Орталық жүйке жүйесіне уытты әсерінің айқын симптомдарында цисплатинмен емді тоқтату керек. Препарат көзге түскен жағдайда, көп мөлшердегі су немесе натрий хлоридінің ерітіндісімен дереу жуу қажет. Препарат теріге түскен жағдайда, көп мөлшердегі сумен жанасу орнын дереу жуу қажет. Препаратпен демалу немесе ауызға түскен жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктер-аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, стрептомицин) немесе басқа нефроуыттылығы жоғары препараттар (мысалы, амфотерицин В) - препараттың нефроуыттылық және отоуыттылық әсерінің жоғарылауы.Ілмектік диуретиктер (фуросемид, клопамид, этакрин қышқылы) - препарат отоуыттылығының күшеюі.Гексаметилмеламин және пиридоксин - ремиссия ұзақтығының қысқаруы.Құрысуға қарсы препараттар - препарат концентрациясының субтерапиялық мәндерге дейін төмендеуі.Аллопуринол, колхицин, пробенецид немесе сульфинпиразон сияқты подаграны емдеуге арналған дәрілік заттар - қандағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Анамнезінде бүйрек қызметінің бұзылысы бар науқастарға қарсы көрсетілген (сарысудағы креатинин концентрациясы 115 мкмоль/л жоғары).

Бауыр жеткіліксіздігі

Гепатоуытты. Бауыр қызметін бақылау.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Ісікке қарсы дәрілік заттардың жалпы жағымсыз әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, сүйек кемігінің басылуы, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларда препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Баланың когнитивті және әлеуметтік дамуына есту бұзылысының ықтимал жағымсыз әсерін төмендету үшін барлық балаларға емдеуді бастамас бұрын, сондай-ақ препарат дозасын әр келесі енгізудің алдында және ем аяқталған соң бірнеше жыл ішінде аудиометриялық тест өткізу керек.