L01CA02 Винкристин (Vincristine)
Қолдану көрсеткіштері
Әр түрлі ісіктерді, соның ішінде лейкоздар, лимфомалар және кейбір қомақты ісіктерді (мысалы, сүт безі ісігі және өкпе ісігі) емдеу үшін.
-
Клинические протоколы:
- Опухоли средостения
- Опухоли центральной нервной системы у детей
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Феохромоцитома
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Саркомы мягких тканей
- Злокачественные новообразования полости рта
- Рак легкого
Қарсы көрсеткіштері
Винкристинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық, интратекальді енгізу, жедел инфекциялық аурулар, сүйек кемігі қызметінің тежелуі, алкалоидтарға жоғары сезімталдық, перифериялық жүйке жүйесі аурулары.Интратекальді, эндолюмбальді: дәрілік заттарды тікелей ликвор жүйесіне енгізу.Маңызды! Интратекальді енгізу қарсы көрсетілген.
Қауіпсіздік шаралары
Сәулелік терапия, гиперурекемия, егде жастағы пациенттерде болатын механикалық сары ауру кезінде сақтықпен қолдану керек. Емдеу кезінде тұрақты гематологиялық бақылау қажет, лейкопения жағдайында қайталама дозалар енгізген кезде ерекше сақтық шараларын сақтау қажет. Нейроуыттылық симптомдары байқалған кезде препаратты қабылдауды доғару керек. Автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фенитоин - фенитоиннің тырысуға қарсы әсерінің төмендеуі. Изониазид, итраконазол, нифедипин - жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Урикозуриялық заттар - нефропатия даму қаупі. Отоуытты препараттар - отоуытты әсерінің даму қаупі. Верапамил - винкристин уыттылығының жоғарылауы. Митомицин - винкристинмен бірге қолдану ауыр бронх түйілуін туындатуы мүмкін. Миелосупрессивті заттар, преднизолон - сүйек кемігі қан түзілуі тежелуінің күшеюі. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану, мониторинг жүргізу қажет. Бауыр қызметі бұзылыстарында және қан плазмасындағы билирубин концентрациясы 51,3 мкмоль/л жоғары болғанда дозасын 50% төмендету ұсынылады. .
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Цитоуытты дәрілік заттардың ортақ жағымсыз әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, сүйек кемігінің тежелуі, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Көктамырға 1 апталық аралықпен, енгізу ұзақтығы шамамен 1 минут. Дене салмағы 10 кг дейінгі балалар: бастапқы доза аптасына 0,05 мг/кг құрайды; дене салмағы 10 кг жоғары балалар: дене беткейінің 1,5- 2,0 мг/м² байланысты аптасына 1 рет.