A10AE56 Инсулин деглудек және лираглутид

Қолдану көрсеткіштері

Препараты гликемияның бақылануын жақсарту үшін диетаға, дене жаттығуларына және қант диабетін емдеуге арналған басқа дәрілік препараттарға толықтыру ретінде 2 типті қант диабетінің бақылануы қанағаттандырмайтын ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген. 1. Сахарный диабет 2 типа

    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары жекеше сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Тамақтанудың болмауы немесе жоспарланбаған белсенді физикалық белсенділік гипогликемияға әкелуі мүмкін. Сульфонилмочевина препаратымен үйлескенде гипогликемия қаупін сульфонилмочевина препаратының дозасын төмендету жолымен азайтуға болады. Бүйрек, бауыр немесе бүйрек үсті безінің, қалқанша безінің немесе гипофиздің зақымдануы дозаның өзгеруін қажет етуі мүмкін. Сәйкес емес дозаларды енгізу және / немесе диабетке қарсы терапияны тоқтату гипергликемия мен гиперосмолярлық команың дамуына әкелуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратқа қажеттілікті азайтуы мүмкін: диабетке қарсы дәрілік препараттар, моноаминооксидаза тежегіштері, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер.Препаратқа қажеттілікті арттыруы мүмкін: пероральді контрацептивтер, тиазидтер, глюкокортикоидтар, қалқанша без гормондары, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол. Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.Варфарин мен қумариннің басқа туындыларын қабылдап жүрген пациенттерде емнің басталуынан кейін жиірек ХҚҚ бақылауы ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гликемияны бақылау және дозаны индивидуальды түрде түзету қажет. Созылмалы бүйрек ауруының терминалдық сатысы бар пациенттерде қолдануға ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болады. Глюкоза деңгейінің мониторингі күшейтілуі тиіс және доза индивидуальды түрде түзетіледі.Құрамында лираглутидтің болуына байланысты ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану үшін ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүктілікті жоспарлау немесе бастау кезінде терапияны тоқтату керек.

Емізу

Инсулин деглудек немесе лираглутид адамның емшек сүтіне шығарылатыны белгісіз. Қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия;Жиі: тәбеттің төмендеуі; жүрек айну, диарея, құсу, іш қату, диспепсия, гастрит, іштің ауыруы, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, ентігу; инъекция орнындағы реакция; липаза деңгейінің жоғарылауы, амилаза деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: есекжем, аса жоғары сезімталдық; дегидратация; қыжылдау, метеоризм; өт тас ауруы, холецистит; бөртпе, қышыну, жүре пайда болған липодистрофия; жүрек жиырылу жиілігінің артуы.Жиілігі белгісіз: анафилактикалық реакция; панкреатит (некротикалық панкреатитті қоса алғанда); шеткергі ісіну; Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша шолуы берілген. Қосымша ақпарат алу үшін дәрілік препаратқа арналған нұсқаулыққа жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

қолдану ұсынылмайды