L01BC02 Фторурацил¹ (Fluorouracil)

Қолдану көрсеткіштері

Бірқатар ісіктер, соның ішінде асқазан-ішек жолдарының және сүт безінің  ісігі; үдемелі колоректальды ісік кезінде кальций фолинатымен біріктірілімінде.
    Клинические протоколы:
  1. Острый панкреатит
  2. Невоспалительные заболевания вульвы и промежности
  3. Рак желудка
  4. Рак пищевода
  5. Рак мочевого пузыря
  6. Гепатоцеллюлярная карцинома
  7. Рак шейки матки
  8. Рак предстательной железы
  9. Рак поджелудочной железы
  10. Злокачественные новообразования прямой кишки
  11. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  12. Опухоли средостения
  13. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  14. Злокачественные новообразования слюнных желез
  15. Рак вульвы
  16. Злокачественные новообразования гортани
  17. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  18. Злокачественные новообразования ротоглотки
  19. Злокачественные новообразования носоглотки
  20. Злокачественные новообразования полости рта
  21. Рак губы
  22. Максимальная циторедуктивная операция и гипертермическая интраперитонеальная химиотерапия (HIPEC) при перитонеальном карциноматозе

Қарсы көрсеткіштері

Фторурацилге жоғары сезімталдық, сүйек кемігінің тежелуі, әсіресе сәулелі терапиядан кейін немесе басқа да ісікке қарсы заттармен емдеуден кейін.Қан жасушалары құрамының терең өзгерістері (лейкоциттер мөлшері  5 мың/мкл төмен, тромбоциттер 100 мың/мкл төмен), ісіктік жасушалармен сүйек кемігінің инфильтрациясы.Қан құйылулар; стоматиттер, ауыз қуысының ойық жарасы және асқазан- ішек жолының ойық жарасы; ауыр диарея.Шығу тегі вирустық, зеңдік немесе бактериялық жедел инфекциялық аурулар (соның ішінде туберкулез, желшешек,  белдемелік теміреткі); айқын жүдеу.

Қауіпсіздік шаралары

Қолдану кезінде абай болыңыз – тіндерді тітіркендіреді.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кумариндер (мысалы, варфарин) – антикоагулянтты әсерінің күшеюі. Фолий қышқылы – фторурацил уыттылығының күшеюіне байланысты ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ. Колония-ынталандырушы факторлар – миелосупрессия даму қаупі жоғары болғандықтан ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ. Клозапин- агранулоцитоз қаупінің артуы. Тірі вакциналар, мысалы- БЦЖ, қызылша, қызамық, полиомиелит, тұмауға қарсы - иммундық жауаптың төмендеуі; жайылған инфекциялардың дамуы мүмкін (дәрілік препараттың нұсқаулығына жүгініңіз). Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында, плазмада билирубин мөлшері 85 мкмоль/ л жоғары болғанда қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген (тератогенді әсер).

Емізу

Қарсы көрсетілген, емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Маңызды! Мұнда жағымсыз реакцияларға қысқаша сипаттама берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.Цитотоксикалық дәрілік заттардың жалпы жанама әсерлері: экстравазация, ауыз қуысының мукозиті, ісіктің  лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы мен құсу, сүйек кемігінің тежелуі, таздану, тромбоэмболия.

Балаларда қолданылуы

Балаларда дозалаудың нұсқаулықтары жоқ.