L01BC01 Цитарабин¹ (Cytarabine)

Қарсы көрсеткіштері

Цитарабинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Мұқият гематологиялық бақылау қажет (күшті миелосупрессивті әсер көрсетеді). Сақтықпен қолдану: бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе, жоғары дозалы ем жүргізу кезіндегі нейроуыттылық даму қаупінің жоғарылауымен байланысты), дәрілермен индукцияланған қан түзілу бәсеңдеуі, сүйек кемігінің ісік жасушаларымен инфильтрациялануы, вирустық (соның ішінде желшешек, белдемелі теміреткі), зеңдік немесе бактериялық текті жедел инфекциялық аурулар (ауыр асқынулардың және үдеріс жайылуының пайда болу қаупі), гиперурикемияның жоғары даму қаупі орын алатын аурулар (подагра немесе уратты нефролитиаз), басқа дәрілік заттардан болған миелосупрессия.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Колония-ынталандырушы факторлар – миелосупрессия даму қаупі жоғары болғандықтан ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ.             Клозапин - агранулоцитоз қаупінің артуы.                                                  Тірі вакциналар, мысалы БЦЖ, қызылша, қызамық, полиомиелит, тұмауға қарсы вакциналар - иммундық жауаптың төмендеуі; жайылған инфекциялар дамуы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.   

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, дозасын таңдау кезінде орталық жүйке жүйесі тарапынан асқынулардың жоғары қаупін ескеру керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, дозасын таңдау кезінде орталық жүйке жүйесі тарапынан асқынулардың жоғары қаупін ескеру керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Цитоуытты дәрілік заттардың жалпы жағымсыз әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісік лизисі синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, сүйек кемігінің тежелуі, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Дозалануы және енгізу режимі препараттың ересектерге арналған көрсетілімімен бірдей.