L01AD01 Кармустин (Carmustine)

Қолдану көрсеткіштері

Бас миы ісіктері. Хирургияға қосымша ретінде қайталанатын мультиформалы глиобластома. Сәулелік ем және хирургияда емдеуге қосымша ретінде жоғары сапалы қатерлі глиома. Ходжкиндік емес лимфомалар. Көптүрлі миелома.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  2. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  3. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  4. Аутологичная трансплантация костного мозга

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Кармустинге немесе нитрозомочевинаға, немесе препарат құрамына кіретін басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Қабылдауды аяқтағаннан кейін 6 апта ішінде апта сайын шеткергі қан көрсеткіштеріне бақылау керек. Сүйек кемігінің бәсеңдеуі дозаға тәуелді болады. Лейкопения және тромбоцитопения кезінде препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Пациенттерді өкпе уыттылығы және аллергиялық реакциялар болу мүмкіндігі, сондай-ақ олардың симптомдары туралы хабардар ету; симптомдары пайда болғанда дәрігермен кеңесу керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Винкристин, метотрексат, циклофосфамид, фторурацил, винбластин - тромбоцитопения немесе лейкопенияның даму қаупі.Циметидин - миелоуыттылық, лейкопения және нейтропения күшеюі.Цитостатикалық препараттар - айқаспалы резистенттіліктің пайда болуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препаратпен емдеу кезінде бүйрек қызметін бақылау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Препаратпен емдеу кезінде бауыр қызметін бақылау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

АІЖ ағзалары тарапынан: анорексия, стоматит, жүрек айнуы, құсу, диарея, бауыр қызметінің бұзылысы, гипербилирубинемия.Жүйке жүйесі тарапынан: атаксия, астения, бас ауыруы, бас айналуы, бет терісінің қызаруы және құйылулар.Сезім мүшелері тарапынан: көрудің бұзылуы, нейроретинит, конъюнктива ісінуі.Қан тарапынан (қантүзілім, гемостаз): миелодепрессия (лейкопения, тромбоцитопения), анемия, жедел лейкоз, флебит, қан кету және қан құйылу, соның ішінде асқазан-ішектік; трансаминаза, сілтілік фосфатаза, мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы.Тыныс алу жүйесі тарапынан: жөтел; өкпе тіндерінің инфильтрациясы, пневмонит және пневмосклероз, емдеуден кейін 9 күннен 43 айға дейінгі аралықта дамиды.Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: несеп шығарудың ауырсынумен жүруі және қиындауы, гематурия, бүйрек функциясының бұзылуы, ісінулер, бүйрек жеткіліксіздігі, аменорея, азооспермия.Тері жабындары тарапынан: бөртпе, қышыну, алопеция, теріге тиген кездегі ашыту сезімі және гиперпигментация.Басқа: жұтыну бұзылысы, қимыл-қозғалыстардың қиындауы, ауыру синдромы (арқаның, бүйірдің ауыруы), инфекциялардың дамуы, гипертермия; инъекция орнындағы ауыру, қызару, ашыту сезімі, көктамыр бойындағы тері түсінің өзгеруі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді