J07CA09 Дифтерия, b типті гемофильді инфекцияға, көкжөтел, полиомиелит,, сіреспе, В гепатитіне қарсы вакцина¹ (Diphtheria-hemophilus influenzae B-pertussis-poliomyelitis-tetanus-hepatitis B)

Қолдану көрсеткіштері

Біріншілік иммунизация және ревакцинацияға арналған.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы гемолитикалық анемия   2. Иммунитеті төмен науқастарға вакцинация профилактикасы
    Клинические протоколы:
  1. Гемолитическая анемия у детей
  2. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Қарсы көрсеткіштері

Вакцинаның кез келген компонентіне, сонымен қатар глютаральдегидке, неомицинге, стрептомицинге және полимиксин В жоғары сезімталдық; алдыңғы вакцина енгізуге жоғары сезімталдық реакциялары; көкжөтелдік компоненті бар вакцинаны енгізгеннен соң 7 күн аралығында дамыған энцефалопатия; дене температурасының 38 °C жоғары көтерілуі.

Қауіпсіздік шаралары

Берілген вакцинаны қантамыр арнасына енгізу ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН: вакцинаны енгізбес бұрын, ине  қантамырға тимегендігіне көз жеткізу керек. Тері ішіне ЕНГІЗБЕУ! Вакцинация жүргізбес бұрын баланың медициналық карточкасын зерттеу керек (әсіресе алдынғы вакцинация жайында және жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігіне байланысты) және клиникалық байқау жүргізу. Екі әр түрлі әлсіздендірілген вирустық вакциналар тағайындау арасында кем дегенде бір ай аралықпен үзіліс жасау керек. Ересектерге қолдануға АРНАЛМАҒАН.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: тәбетті жоғалту, мазасыздық, ерекше жылау, тітіркенгіштік, дене температурасының 38 °C жоғары көтерілуі,  шаршағыштық; инъекция орнындағы жергілікті реакциялар: ауырсыну, қызару, қызба, диаметрі 50 мм төмен ісіну.Жиі: құсу, диарея, ашушаңдық, дене температурасының 39.5°C жоғары көтерілуі, қышыну; инъекция орнындағы жергілікті реакциялар: диаметрі 50 мм жоғары инъекция орнындағы ісіну және тығыздану.Жиі емес:  жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, жөтел, ұйқышылдық, диффузды ісінуі (кейде жақын буындарға әсер ететін).Сирек: бронхит, бөртпе.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Тек бұлшықетке, терең енгізеді және келесі енгізулер үшін әр түрлі дене бөліктерін таңдаған дұрыс. 6 аптадағы және одан асқан балалар: 0,5 мл.Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцинациялар кестесін қолдану.