J07CA06 Күл ауруына, b типті heamophilus influenza, көкжөтелге, полиомиелитке, сіреспеге қарсы вакцина¹ (Diphtheria-hemophilus influenzae b-pertussis-poliomyelitis-tetanus)

Қолдану көрсеткіштері

Біріншілік иммунизация және ревакцинацияға арналған.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы гемолитикалық анемия
    Клинические протоколы:
  1. Гемолитическая анемия у детей

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Вакцинаның кез келген ингредиентіне, сонымен қатар глютаральдегидке, неомицинге, стрептомицинге және полимиксин В жоғары сезімталдық; алдыңғы вакцина енгізуге жоғары сезімталдық реакциялары; жедел инфекциялық аурулар; көкжөтелдік компоненті бар вакцинаны енгізгеннен соң 7 күн аралығында дамыған энцефалопатия. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Берілген вакцинаны қантамыр арнасына енгізу ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН: вакцинаны енгізбес бұрын, ине  қантамырға тимегендігіне көз жеткізу керек. Тері ішіне ЕНГІЗБЕУ! Вакцинация жүргізбес бұрын баланың медициналық карточкасын зерттеу керек (әсіресе алдынғы вакцинация жайында және жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігіне байланысты) және клиникалық байқау жүргізу. Екі әр түрлі әлсіздендірілген вирустық вакциналар тағайындау арасында кем дегенде бір ай аралықпен үзіліс жасау керек. Ересектерге қолдануға АРНАЛМАҒАН.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да вакциналармен бірге (туберкулездің алдын алуға арналған вакциналардан басқа) енгізуге рұқсат етіледі, егер бұл иммунизациялық тізімге кіретін болса.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: инъекция орнының ауырсынуы және қызаруы, диаметрі 50 мм төмен инъекция орнының ісінуі,  тітіркенгіштік, ерекше жылау, мазасыздық, тәбетті жоғалту, ұйқышылдық, дене температурасының 38 ºС жоғары көтерілуі .Жиі: инъекция орнының тығыздануы, диаметрі 50 мм жоғары инъекция орнының ісінуі, құсу, диарея.Жиі емес: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары, жөтел, бронхит, ринорея, лимфоаденопатия, бөртпе, есекжем, дене температурасының 39,5 ºС жоғары көтерілуі, шаршағыштық, инъекция жасалған аймақтың диффузды ісінуі (жақын буындарды қоса).Сирек: қышыну, дерматит.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Бұлшықетке терең енгізу, жасына байланысты иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне, немесе санның алдыңғы латеральді беткейіне енгізу. 2 айдағы және одан асқан балалар: 0,5 мл.Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцинациялар кестесін қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді