J07BD52 Қызылшаға, эпидемиялық паротитке және қызамыққа қарсы вакцина¹ (Measles, combinations with mumps and rubella, live attenuated)
Қолдану көрсеткіштері
Балаларда біріншілік иммунизация және ревакцинацияға арналған. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі ересектерде шұғыл иммунизация жүргізу үшін (ДДСҰ ұсынымдары).
-
Клинические протоколы:
- Корь
- Гемолитическая анемия у детей
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Вакцинаның кез келген компонентіне, сонымен қатар глютаральдегидке, неомицинге, стрептомицинге, полимиксин В және тауық ақуызына жоғары сезімталдық; қызба жағдайы; жедел инфекциялық аурулар; лейкемия; айқын анемия және қатерлі ауруларды қоса, басқа да ауыр қан аурулары; декомпенсация сатысындағы жүрек аурулары; қатерлі жаңа түзілімдер; жасушалық иммунитет бұзылуымен иммунотапшылық жағдайлар; алдында болған вакцинациялар; кортикостероидтар, иммунодепрессанттар немесе сәулелік терапияны қолдану; гаммаглобулиндер қолдану немесе қан трансфузиясы; анамнезінде вакцина енгізуге анафилактикалық немесе анафилактоидтық реакциялардың болуы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Екпе қабылдаған адам аллергиялық реакцияның жедел түрін уақытылы анықтау үшін, вакцина енгізгеннен соң 30 минут аралығында медициналық қызметкер бақылауында болуы тиіс. Өзінің немесе отбасы мүшелерінің анамнезінде аллергиялық және тырысулық реакциялары бар адамдарда сақтықпен қолдану керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бір уақытта басқа да вакциналармен бірге енгізуге рұқсат етілген (туберкулездің алдын алуға арналған вакциналардан басқа), егер бұл иммунизациялық тізімге кіретін болса.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Вакцинациядан кейін бір ай аралығында бала көтеру ұсынылмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: температураның көтерілуі, инъекция орнының ауырсынуы, қыздар және әйелдерде артралгиялар және артрит.Жиі: бөртпе, балаларда және ерлерле артралгиялар және артрит. Сирек: лимфаденопатия, миалгиялар және парестезияларӨте сирек: паротит және орхит, асептикалық менингит, энцефалит, тромбоцитопения, анафилактикалық шок.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Жасына байланысты иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне, немесе санның алдыңғы латеральді беткейіне тек тері астына. Біріншілік вакцинация, 12-15 ай аралығындағы балалар: 0,5 мл бір рет.Ревакцинация, 4-6 жас аралығында балалар, егер біріншілік вакцинация 12-15 ай аралығында болса, немесе егер қорғаныс титрі 1/20 төмен болғанда.Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцинациялар кестесін қолдану.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді