J07BD01 Қызылшаға қарсы моновакцина

Қолдану көрсеткіштері

Қызылшаның профилактикасыАлғашқы вакцинация- 12-15 айлық балаларды қызылшаға қарсы белсенді иммунизацияда Ревакцинация  - 12-15 айлығында бірінші рет иммунизацияланған балалар қайталап 6 жасында иммунизациялануы тиіс- егер алғашқы вакцинация тиімсіз болған жағдайларда (қорғаныш титрі 1/20 төмен).Аталған вакцинаны балаларда екпенің Ұлттық Күн тізбесіне сәйкес және  эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша (ДДҰ ұсынымдары бойынша) 30 жасқа дейінгі ересек тұлғаларда шұғыл иммунизация жүргізу үшін қолдану ұсынылады.

Қарсы көрсеткіштері

Вакцина компоненттеріне жоғары сезімталдық (неомицинге және жұмыртқа ақуызына, сиыр сүтіне ); қызба жағдайы; жедел инфекция аурулары; жүктілік және лактация кезеңі; лейкемия; айқын анемия және қатерлі ауруларды қоса, қанның басқа да ауыр аурулары; бүйрек функциясының ауыр бұзылуы; қалпына келмейтін сатыдағы жүрек аурулары; қатерлі жаңа түзілімдер; жасушалық иммунитеттің зақымдануымен иммун тапшылық жағдайы; вакцинация алдында  кортикостероидтарды, иммуносупрессанттарды қолдану немесе сәулемен емдеу; вакцинация алдында гаммаглобулиндерді қолдану немесе қан трансфузиясы; анамнезіндегі вакцинаны енгізуге анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялар

Қауіпсіздік шаралары

Назар аударыңыз! Вакцина терең тері астына енгізілуі керек. Вакцинаның кез келген компоненті анафилаксиялық реакцияның дамуын туындатуы мүмкін болғандықтан, тері ішіне немесе бұлшықетішілік  инъекцияға арналған адреналин ерітіндісі  (1:1000) дайын болуы керек.  Екпе алған тұлға, вакцинаны енгізгеннен кейін,  дереу типтегі аллергиялық реакцияны уақытылы анықтау үшін 30 минут ішінде  медициналық қызметкерлердің бақылауында болуы керек. Преднизолон  және/немесе инъекцияға арналған басқа антигистаминдік препараттар, сондай-ақ басқа дәрілер: оттегімен тыныс алатын аппарат және т.б. вакцинация пунктінде болуы керек.Вакцинацияланған әйелдерге  вакцинациядан кейін бір айдың ішінде жүкті болуға болмайды.Иммунопрофилактикадан кейін қызылша ауруының қаупі сирек жағдайларда сақталады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Иммуноглобулиндер және құрамында олар бар қан  өнімдері (жаңа алынған қан, плазма) - енгізгеннен кейін 3 айдан ерте тағайындауға болмайды, өйткені бұл кезде вакцинаның белсенділігі жойылуы мүмкін, иммуноглобулиндерді   вакцинациядан кейін 2 апта ішінде тағайындауға болмайды. 

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: вакцинациядан кейін 1-2 күн ұзақтықпен  7-12 күндері температураның орташа жоғарылауы; вакцинациядан кейін 24 сағат ішінде инъекция орнының бір қалыпты ауыруы, көп жағдайларда 2-3 күн ішінде өздігінен басылады.Жиі: 7-10 күнгі және 2 күннен кейін жойылатын бөртпеЖиі емес: ортаңғы отит; күйгелектік, әдеттен тыс жылау, ұйқысыздық; конъюнктивит, көру жүйкесінің невриті, папиллит, ретробульбарлық неврит; бронхит, жөтел; құсу, тәбеттің болмауы, диарея; эпидидимит, орхитСирек: лимфаденопатия; миалгиялар және парестезиялар; анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар (есекжем, қышыну, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі)Өте сирек: қызылша компонентінен  болған энцефалит (1:1000000); тромбоцитопения ( 1:30000 аз); анафилаксиялық шок; менингит; диарея; Гийен-Барре синдромы; ринит

Балаларда қолданылуы

Тек терең тері астына  енгізіледі. Жаңа туылған балаларға санның алдыңғы бүйірлік жоғары жағына және ересек жастағы балаларға иығына - бір рет. Қолданар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты толығырақ оқып шығыңыз.