J07AP03 Ішек сүзегінің тазартылған полисахаридті вакцинасы (Typhoid, purified polysaccharides antigen)

Қолдану көрсеткіштері

Іш сүзегіне қарсы ересектер және 2 жастан асқан балалардың белсенді инммунизациясы. Келесі категорияларға ұсынылады: іш сүзегі бойынша жоғары эндемиялық аймақтарға сапар шегушілерге; отбасында іш сүзегімен ауыратын немесе таратушы бар адамдарға; медицина қызметкерлеріне және басқа да топтарға: полицейлер, әскери қызметкерлер және т.б.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Вакцина компонентінің біріне жоғары сезімталдық; қызба және дене температурасының жоғарылауымен жүретін аурулар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Вакцинаны жамбас бұлшықетіне енгізбеген жөн, себебі бұл құйымшақ жүйкесінің зақымдануына алып келуі мүмкін.Әр дозаға стерильді шприцтерді және инелерді ғана қолдану! Бір шприцте араластырмау.Мультидозалы вакцинаны шарттарды қатаң сақтаумен қолдану (препарат нұсқаулығын қараңыз).Вакцина Salmonella paratyphi немесе Salmonella-ның басқа да типтерімен шақырылған аурулардан қорғамайды.Тромбоцитопениясы, қан ұю жүйесінің бұзылыстары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау қажет.Иммунитеті төмендеген немесе иммуносупрессивті терапия қабылдайтын пациенттерде вакцинацияға сәйкес иммунды жауап байқалмауы мүмкін.Бір шприцте вакцинаны және басқа да дәрілік заттарды араластыруға болмайды.Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Инъекция орнының қызаруы, тығыздануы және ауырсынуы, әлсіздік, бас ауыруы, температураның жоғарылауы, бұлшықеттердің ауыруы, құсу, диарея.Сирек жағдайларда: аллергиялық реакциялар - бөртпе, қышыну.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 2 жастан асқан балалардың іш сүзегіне қарсы белсенді иммунизациясы. 0,5 мл дельта тәрізді бұлшықет аймағына терең б/і енгізіледі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді