J07AM51 Сіреспе анатоксинімен бірге қолданылатын күл анатоксині¹ (Tetanus toxoid, combinations with diphtheria toxoid)

Қолдану көрсеткіштері

7 жасқа дейінгі балаларда, көкжөтелмен ауырып сауыққан балаларда, АКДС вакцинасының көкжөтелді компонентіне қарсы көрсеткіші бар балаларда күл және сіреспенің алдын алу.7 жас және одан асқан балалар үшін күл анатоксинінің төмендетілген құрамынан тұратын АДС-М вакцинасы ұсынылады.
    Клинические протоколы:
  1. Столбняк
  2. Сексуальное насилие
  3. Сексуальное насилие
  4. Открытая рана области головы
  5. Открытая рана области головы
  6. Открытая рана области головы

Қарсы көрсеткіштері

Анамнезінде күл және сіреспеге қарсы вакцинаны алдыңғы енгізуіне аллергиялық реакциялардың болуы, вакциналар компонентіне аса жоғары сезімталдық (соның ішінде анамнезінде), вакцинаның алдыңғы дозасын енгізгеннен кейінгі жүйелік аллергиялық немесе неврологиялық реакциялар, дене температурасының 37°С жоғары көтерілуі, жедел инфекциялық ауру немесе созылмалы аурудың өршуі, құрысу синдромы, эпилепсия, үдемелі энцефалопатия, вакцинациядан кейінгі 6 апта аралығындағы Гийена-Барр синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Иммуносупрессиялық ем: сәулелендіру, антиметаболиттер, алкилдейтін және цитоуытты препараттар және физиологиялық мөлшерінен асып кететін дозаларда қолданылатын кортикостероидтар вакцинаға иммундық жауапты төмендетуі мүмкін. Екпе алған балалар вакцина енгізілгеннен кейін 30 минут бойы медициналық мамандар бақылауында болуы тиіс, бұл жедел типті аллергиялық реакцияларды дер мезгілінде анықтау үшін қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

АДС-М-анатоксинді полиомиелитті вакцинамен бір мезгілде немесе бір ай өткеннен кейін енгізуге болады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін күтілетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ауыру, қызару, енгізген жердің ісінуі.Жиі: температураның жоғарылауы, мазасыздану, ашушаңдық, әлсіздік.Сирек: құсу, жөтел, бас айналуы.Өте сирек: енгізген жердің тығыздануы, Квинке ісінуі, есекжем, бөртпе, аллергиялық аурулардың асқынуы. Жасы үлкен балаларда жергілікті және жалпы реакциялар күл ақуызына сезімталдығына байланысты аса ауыр болуы мүмкін.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Жаңадан туылған сәбилер мен кішкентай балалар үшін вакцинаның оңтайлы енгізу орны санның жоғарғы бөлігінің алдыңғы бүйірлік беті болып табылады, үш жастан асқан балаларға вакцинаны дельта тәрізді бұлшықетке енгізуге болады.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.