J07AL02 Тазартылған конъюгацияланған полисахаридті пневмококкты антиген¹ (Pneumococcus, purified polysaccharides antigen conjugated)

Қолдану көрсеткіштері

Пневмококкты аурулардың, соның ішінде пневмониялар және Streptococcus pneumoniae 1, 3, 4, 5, 6A, 6B, 7F, 9V, 14, 18C, 19A, 19F және 23F серотиптерінен туындайтын инвазивті аурулардың алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  2. Гемолитическая анемия у детей
  3. Иммунная тромбоцитопения у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Сіңірілген белсенділігі жойылған конъюгацияланған полисахаридті пневмококкты вакцинаны алдыңғы енгізуге, күл анатоксиніне және/немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық; жедел инфекциялық немесе инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі.

Қауіпсіздік шаралары

Жамбас аймағына бұлшықет ішіне және тері ішіне, көктамыр ішіне енгізбеу! Вакцинаны басқа вакцинамен/препараттармен бір еккіште араластыруға болмайды. Вакцинацияны сауыққаннан кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізеді. Басқа да бұлшықет ішілік инъекциялар сияқты, тромбоцитопениясы және/немесе басқа да қан жүйесі ұйығыштығының бұзылысы бар пациенттерге және/немесе антикоагулянттармен емдеу жағдайында, пациенттің жағдайы тұрақтандырылған және гемостазды бақылауға жеткен жағдайда сіңірілген белсенділігі жойылған конъюгацияланған полисахаридті пневмококкты сұйық вакцинамен вакцинация сақтықпен жүргізілуі тиіс.                             

Жағымсыз әсерлері

Жүйке жүйесі тарапынан: ашушаңдық, ұйқышылдық/ұйқы ұзақтығының артуы, мазасыз ұйқы/ұйқы ұзақтығының төмендеуі, жылағыштық, құрысулар.Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі ентігу, бронх түйілуі.Асқазан-ішек жолдары тарапынан: тәбеттің төмендеуі, диарея, құсу.Тері және тері асты тіндері тарапынан: енгізген орындағы терінің қызаруы, тығыздануы/ісінуі немесе қозғалуды қиындататын ауыру/ауырсыну сезімдері, есекжем немесе есекжем тәрізді бөртпе.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Streptococcus pneumoniae 1, 3, 4, 5, 6A, 6B, 7F, 9V, 14, 18C, 19A, 19F және 23F серотиптерінен туындайтын аурулардың алдын алу, бактериемияны, сепсисті, менингитті, пневмонияны және жедел ортаңғы отитті қоса. 6 аптадан және 18 жасқа дейінгі балалар: бір реттік дозада 0,5 мл. Тек бұлшықет ішіне, инъекция жақын жатқан жүйкелер мен тамырларға тимейтіндей, сақтықпен - балаларға өмірінің алғашқы күнінен бастап санның ортаңғы үштен бірінің үстіңгі-сыртқы беткейіне, 2 жастан асқандарға - иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне енгізеді. Вакцинациялау кестесі Ұлттық иммунизациялау күнтізбесіне сәйкес бекітілген кестелермен қолданылуы мүмкін.