J06BB09 Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин (Cytomegalovirus immunoglobulin)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді ингредиенттеріне немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; адам иммуноглобулиндеріне, әсіресе сирек кездесетін қанда А класты (IgA) иммуноглобулин тапшылығы және IgA-ға қарсы антиденелердің болу жағдайларындағы жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Жағымсыз құбылыстар жиі кездесуі мүмкін: енгізу жылдамдығы жоғары болғанда; IgA-тапшылығы бар кезде де, жоқ кезде де толық немесе ішінара иммунитет тапшылығы бар пациенттерде; адам иммуноглобулинін бірінші рет алған пациенттерде немесе, сирек жағдайларда басқа иммуноглобулин препаратына көшкен кезде немесе, егер иммуноглобулиндермен емдеу бұрын жүргізілсе. Әсіресе барлық инфузия бойына және ол аяқталғаннан кейін кемінде 1 сағат бойы бұрын ешқашан иммуноглобулиндерді қабылдамаған немесе басқа иммуноглобулиндерді алған немесе иммуноглобулиндер өте ертеректе енгізілген пациенттерді мұқият бақылау керек. Қалған пациенттердің барлығы енгізу аяқталғаннан кейін кемінде 20 минут бақылауда болуы тиіс.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Иммуноглобулиндер енгізгеннен кейін 6 аптадан 3 айға дейін аралықта қызамық, эпидемиялық паротит және желшешек сияқты вирусты ауруларға қарсы тірі аттенуирленген вакциналар тиімділігі төмендеуі мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцинаның тиімділігіне теріс әсері 1 жылға дейін созылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі бұзылысының даму қаупі жоғары, препаратты ең төмен жылдамдықпен және өте төмен дозада енгізу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану!

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Сақтықпен қолдану!

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Сақтықпен қолдану!

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: қалтырау, температураның жоғарылауы, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның төмендеуі, аллергиялық реакциялар, артралгия және арқаның орташа ауыруы.Сирек: қайтымды тері реакциялары, артериялық қысымның күрт төмендеуімен аса жоғары сезімталдық реакциялары, жекелеген жағдайларда анафилаксиялық шок, тіпті пациент препаратты алдыңғы енгізгенде жоғары сезімталдық танытпаса да.Өте сирек: миокард инфарктісі, инсульт, өкпе артериясының эмболиясы және терең көктамырлар тромбозы сияқты тромбоэмболиялық реакциялар.Жиілігі белгісіз: асептикалық менингит (қайтымды); қайтымды гемолитикалық анемия/гемолиз; емдеуді тоқтатқаннан кейін толығымен жойылатын транзиторлық тері реакциялары (бөртпе немесе гиперемия); сарысулық креатинин мөлшерінің жоғарылауы және/немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қолдануы бойынша деректер жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді